Сапалы ұйқы адам өмірі үшін өте маңызды, бұл оның физикалық және психикалық күйіне әсер етеді. Денсаулық сақтау министрлігі ересектер мен балалар қанша сағат ұйықтағаны жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұл сауал адамның жасына байланысты екенін мәлімдеді:
- жаңа туған нәрестелер (0-3 ай): тәулігіне 14-17 сағат;
- сәбилер (4-12 ай): 12-16 сағат;
- 1-2 жастағы балалар: 11-14 сағат;
- 3-5 жастағы балалар: 10-13 сағат;
- 6-12 жастағы балалар: 9-12 сағат;
- 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: 8-10 сағат;
- ересектер, яғни 18-64 жастағылар: 7-9 сағат;
- 65 жастан асқан қарттар: 7-8 сағат.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйқы сапасын жақсартуға мынадай кеңестер береді:
- Ұйқы режимін сақтау: күнде бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну, тіпті демалыс күні де;
- Ұйықтауға ыңғайлы жағдай жасау: жатын бөлмені желдету, тыныштық болуы, қараңғылық, ыңғайлы төсеніш пен жастықтарды пайдалану.
- Тұрақты физикалық белсенділік: жаттығу жасау, бірақ жаттығуды ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмей аяқтау.
- Дұрыс тамақтану: ұйықтар алдында ауыр тағамдардан, кофеиннен және ішімдіктен аулақ болыңыз.
- Ұйықтар алдында электрон құрылғыларды пайдалануды шектеу: ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын гаджеттерді пайдаланудан бас тарту.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова