- Негізгі бет
- LifeStyle
- Абайлаңыз! Қыркүйекте қай...
Абайлаңыз! Қыркүйекте қай күндер қауіпті екені белгілі болды
Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Қыркүйек айында мына күндері магниттік дауылдар күтіледі:
- 6 қыркүйек - алғашқы күшті магниттік дауыл;
- 7-10 қыркүйек - үш күндік магниттік дауыл;
- 26-28 қыркүйек - күшті магниттік дауыл;
- 30 қыркүйек - соңғы магниттік дауыл.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- таза ауада жиі серуендеңіз;
- бұл күндері алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
- қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
- су режимін сақтаңыз.
А. Жапатова