Абайлаңыз! Қарашада қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Магниттік дауылдар адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ол кезде бас ауруы, бас айналуы, буын ауыруы, ұйқы бұзылуы және көңіл күй нашарлауы мүмкін.

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физика институтының мәліметтері бойынша, қараша айының бірінші жартысы тыныш болады.


Сурет: tesis.xras.ru

Лаборатория мамандарының болжамы бойынша, 9 қарашада алғашқы белсенділік байқалады. Ал айдың соңында бірқатар магниттік дауылдар күтіледі. 22 қарашадан бастап 25 қарашаға дейін магниттік қозу байқалады. Ал 26 және 27 қараша күндері магниттік дауыл болуы мүмкін. 

Алайда бұл болжам ғана, Күндегі жағдай және оның салдарынан Жердегі жағдай жылдам өзгеруі әбден мүмкін. Магниттік дауылдар кейде кенеттен пайда болады.

Магниттік дауылдарға қалай дайындалу керек?

Бұл күндері өз хал-жағдайыңызды жақсарту үшін қарапайым ұсыныстарды орындау жеткілікті. Көп су ішу керек және дұрыс тамақтану қажет. Таза ауада көп уақыт өткізіңіз және ұйқы режимін сақтаңыз. Денсаулығыңызға қарай қарама-қарсы душ қабылдауға болады. Егер дәрігер ұсынысымен дәрі ішетін болсаңыз, оны өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз.