Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, қаңтар айының көп бөлігі қолайлы болмақ. 2-22 қаңтар аралығындағы магнитосфера жасыл аймақта тұр, оны астрономдар тыныш деп бағалайды. Алайда айдың соңында магниттік дауылдар болуы мүмкін: 23, 24 және 26 қаңтар. Алайда олардың деңгейі G1-ге дейін жетеді. Ол әлсіз дауыл болып саналады.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- таза ауада жиі серуендеңіз;
- бұл күндері алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
- қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
- су режимін сақтаңыз.
Оқи отырыңыз: Таңертең ұйқыдан тұрғанда бас ауыруының 4 себебі