Абайлаңыз! Желтоқсанда қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Желтоқсан айында магниттік дауылдар болуы мүмкін күндер аталды. Бұл күндері ауа райына тәуелді адамдар денсаулығына аса мән беруі керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желтоқсан айында қай күндері магниттік дауылдар болады?

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша 10, 11, 12, 13 және 19 желтоқсанда 4 балдық магниттік қозу болады.

xras.ru

Магниттік дауылдар дегеніміз не?

Бұл - күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын жердің магнит өрісінің бұзылуы. Ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл тербелістер байланыс жүйесінің жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз;
  • қандай да бір созылмалы ауруыңыз болса, дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстаңыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз