- Негізгі бет
- LifeStyle
- Абай Бегейдің ұлы...
Абай Бегейдің ұлы үйленді: тойға жиылғандарды оның марқұм анасына жазған хаты жылатты
Әнші Абай Бегейдің ұлы Жалғас үйленді. Оның марқұм анасына жазған хаты тойға жиылғандарды жылатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сәлем, анашым! Балаларыңыз боп сізге хат жазамыздеп шештік. Мам, балаларыңыз сіздің жылы құшағыңызды сағынды. Басымыз біріксе, өзіңізбен өткен тәтті сәттерді есімізге алып, бір жылап аламыз. Біріміз күйеуге, біреуіміз үлкен өмірге қадам басқалы жатырмыз. Міне, сіздің жалғыз ұлыңыз өзіңізден аумайтын жанды әулетіңізге алып келіп, жоқтығыңызды жасырып жатыр. Анашым, сіз өте арманшыл едіңіз ғой. Кезінде армандар картаңызда ілулі тұрған үлкен зәулім үй, соңғы үлгідегі машина, тұрғын үйіміздің аппақ ремонты, қонақжайлығыңыз соншалық, тіпті залда тұратын ұзын столға дейін арманыңыз болған. Қызық, сенесіз бе, сол армандаған нәрселеріңіздің бәрін өзіңіз көрмесеңіз де, балаларыңыз көріп жатыр. Мам, сол кезде біз үшін барлығына төзіп, барлық қырсық мінезімізді көтеріп, сабағымызды оқытып, оң тәрбие беріп, әрине, шүкір, бірақ ештеңеміз болмаған қиын сәтте өмір сүрдіңіз және соның жемісін көре алмай жастай кеттіңіз ғой... Кейде еске алып, бір жылап аламыз", - деді ол хатында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші Абай Бегейдің ұлы хиджабтағы аруға сөз салғанын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан