Ежелгі ем-домның түрлері

Ежелгі ем-домның түрлері

Қазіргі уақытта бұл емдік амал-тәсілдерді ешқашан, еш жерде қолданбауларыңызды сұраймыз. Ал өткен тарихымызға сөз берсек, төмендегі әдістер кең қолданыста болған.

  • Біздің заманымыздағы V ғасырда брит тайпасында емдеуге келмейтін дерті барларға эвтаназияның «біртүрлі» әдісін қолданған екен. Бұл әдіс – ауруды жардан итеріп құлата салу;
  • Бас ауырса, қылмыскерді асқан арқан жіппен басты орап байлайды екен;
  • Джин бастапқы кезде дәрілік сусын болған.
  • Біздің заманымыздың VI ғасырында Үндістанда пластикалық хирургия дамыпты. Ол кезде арнайы мамандар мұрынды жөндеу ісімен айналысқан. Себебі жарының көзіне шөп салған жағдайда Үндістанда мұрынды кесіп тастау жазасы бар еді.
  • Псориаз ауруын ол кезде балықтармен бірге шомылу арқылы кетіретін болған, жансыз қалған теріні балықтар жеп қояды екен.
  • Ежелгі Египетте күйіп қалған теріге алдын ала ешкі қиына малынған бақаны қоятын болған.
  • Англияда таз адамдар өртелген аралардың күлін басқа үйкеген.
  • Құтырғандарды ежелгі Саксонияда дельфин терісінен жасалған қамшымен сабаған екен.
  • Сүлік жинау әдісі де басқаша болған. Жасамыс адам көп сүлік денесіне жабыспайынша су қоймасында отырады.
  • Ықылық ату да кезінде ауру саналған. Ықылық атқан адамның тілін шоқ болып қызған темірмен күйдіретін болған екен.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: otvetkak.ru

А. Құлтай