Қыздар неге көп сөйлейді?

Қыздар неге көп сөйлейді?

Мериленд медициналық колледжі қыз балалар мен жігіттердің сөйлеу мәнерін, жылдамдығын, мөлшерін анықтау үшін арнайы зерттеу жасапты. Сөйтсек, қыздар бір күннің ішінде 20 000 сөз сөйлейтін болса, ал ер адамдар күніне 7000 сөзбен ғана шектелетін көрінеді.

Ғалымдар қыз балалардың сонша көп сөйлеуінің бірден бір себебін олардың миындағы Foxp2 қызметінің жақсы дамуында деген шешімге келіп отыр. Foxp2, ғалымдардың айтуынша, тілдік протеин болып шыққан (language protein). Бір қызығы, дәл осындай жүйе тышқандарда болады екен. Ендігі кезекте мамандар мидағы бұл заттың басқа да қызметтерге қаншалықты әсер ететіндігін анықтау керек.

Күніне еркектен үш есе көп сөйлейтін әйелдер қауымы көбіне «әлдекім» туралы әңгіме айту барысында өз дауыстарынан жағымды әсер алатын көрінеді. Луан Бризендайнның The Female Mind атты еңбегінде әйелдердің ер адамдарға қарағанда көп сөйлеуінің тағы бір себебін түсіндіреді. Ол – әйелдің миында сөйлеу қызметіне жауап беретін клеткалар саны көбірек деген болжам. Психолог сонымен қатар, әйел адамның сөйлеу кезіндегі жағымды әсерінің күштілігі соншалықты, тіпті оларды көп күттірген есірткі дозасының әсеріндей болады депті.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: blogspot.com

А. Құлтай