Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз?

Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз?

Түшкіру, есінеу, керілу, ықылықтау... Бұл әдеттер  денсаулыққа өте пайдалы екен! Ғалымдардың дәлелдеуінше, олардың бәрі адам ағзасының дұрыс жұмыс жасауына көмек үшін табиғаттан берілген шартты рефлекстер.

Түшкіру

Медицина ғылымдарының айтуынша, мұрын қуыстарына көптеген микробтар мен шаң жиналып қалса, ғылыми тілде айтқанда, «мұрын қуысы арқылы спазмалық түрде тыныс алу» болады. Басқаша айтқанда, қатты әрі  тез шыққан түшкірік мұрындағы бөгде заттар мен  артық шаңдарды ауаға итеріп шығарады.

«Негізі адам күніне бір тет түшкіруі керек, ал егер сіз күні бойы түшкіріп мазасыздана бастасаңыз, онда сіздің тыныс жолдарыңызда бірдеңе дұрыс емес. Қас жұлып отырып түшкіретіндер де бар екен.  Соған қарап түшкіруге әсер ететін нерв талшықтарының қаста орналасқынын анықтадық», - дейді дәрігерлер.

Арамызда күнге қарап түшкіретін де адамдар бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл күнен түсетін көкшіл сәулелердің әсерінен болады екен.

Ен бастысы түшкірген кезде ауызыңызды бет орамалмен жабуды ұмытпаңыз. Себебі біз түшкіргенде айналамыздағы адамдарға әсер ететіндей ауызымыздан 160км/сағ жылдамдықпен мыңдаған бектериялар ұшады екен.

 Есінеу

Есінеу – ғалымдардың  әлі де дәлелдеуін қажет ететін адам ағзасындағы өте жұмбақ құбылыс. Бізге нәрестенің  құрсақта жатып-ақ есінейтіні белгілі. Ғаламда құстар да, сүтқоректі айуандар да, тіпті бақалар да есінейді екен. Сіздің ойыңызша, адам ұйқысы қанбағанда немесе зеріккенде есінейді ме? Жоқ, адамның есінеуіне бұлардың еш қатысы жоқ. Адамның ұйқысы келмей-ақ, бірнәрсе жайында уайымдағанда немесе қысылғанда есінеуі мүмкін» - дейді ұйқы жөніндегі медициналық орталықтың мамандары. Адам стресс кезінде есінеуі жиілейді екен. Ми көп жұмыс істегендіктен ондағы жүйке жүйелері бірден қарсылық танытып, есінеу арқылы мидың демалуына жағдай жасайды. Ауа жетіспегендіктен немесе орта ыстық болғандықтан да адам есінеуі мүмкін. Есінеу мидың ары қарай жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп қана қоймай, жүйкені тыныштандырады.  Сол үшін есінеуден қорғанудың ешқандай да қажеттілігі жоқ.

Керілу

Ұйқыдан тұрған  соң,  ұйыған ми жаттығу қажет етіп тұрады. Сондықтан керілу – біздің денемізде өзіндік қажеттілігі бар құбылыс. Керілу адамның миын күні бойы жұмыс жасауға дайындайды, қан айналымын реттейді және ағзаның белсенділігіне  әсерін тигізеді. «Керілген кезде адамның көңіл-күйі көтеріліп, мидағы қан айналым жүйесі жақсы жүмыс істейді» - дейді дәрігерлер. «Қаншалықты қартая бастасақ, соншалықты керілуді азайта береміз. Байқасаңыздар, жас нәрестелер кәрілерге қарағанда көп керіледі.» - дейді ұйқы жөніндегі медициналық орталықтың мамандары.

Егер денсаулық үшін уақытты аямайтын болсаңыз, онда міндетті түрде керіліңіз. Таңертең ұйқыдан тұрғанда керілдіңіз бе, жоқ па - ол сіздің күніңіздің қалай өткенімен де байланысты.  Ұйқыдан басыңыз ауырып немесе көңілсіз оянсаңыз бір керіліп алыңыз, әйтпесе бүкіл күніңіз нашар көңіл-күймен өтпек.

Ықылықтау

Ықылықтау - жүйке жүйесі мен өңешті және бауырды байланыстыратын өзімен-өзі пайда болатын күрделі құбылыс. Егер біз жылдам тамақтанып, үлкен-үлкен тағам үзіктерін шайнамай асқазанға түсіретін болсақ, асқазан созылады да, ондағы «адасқан» жүйке талшықтары өңешке және бауырға әсер етіп бос соққы пайда болады.

Біздің қорқуымыз не жылдам тыныс алуымыз ықылықтау жүйесіне бірден әсер етеді. Бір қаланың тұрғындары бір ай бойы ықылықтап, бір-біріне жұққан жағдай болған екен.

Ықылықтаудан құтылудың әр жолы бар. Мысалға алатын болсақ, адам бірнәрседен қорыққанда ықылығы басылуы мүмкін. Бірақ бұл ықылықтан мүлде құтылуға көмек бермейді, жәй ғана уақытша тоқтатады немесе ықылықты азайтады.

Бұл құбылыстардың адам ағзасына айтарлықтай тигізер ешқандай да зияны жоқ. Сол үшін де қорықпастан  есінеңіз, түшкіріңіз, керіліңіз және ықылықтай беріңіз!

Сурет: woman.ru

С. А