- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Ұйықтар алдында ішіңіз"....
"Ұйықтар алдында ішіңіз". Деменция қаупін азайтуға көмектесетін 3 шай
Көбіне қарттар, кейде жастар шалдығатын деменция ауруының алдын алуға кей шай түрлері көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мarieclaire.ru сайтына сілтеме жасап.
Альцгеймер ауруы – адамның когнитивті қабілеттері бұзылатын емделмейтін ауру. Бұл ауру кезінде есте сақтау нашарлайды, кеңістік және уақыт бойынша бағдар жоғалады, басқа адамдарды және заттарды танымай қалуы мүмкін. Әдетте, деменция 65 жастан кейін дамиды, бірақ ол ерте де басталуы мүмкін.
Бұл аурудың әзірге емі табылмады, бірақ оның алдын алуға болады. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтау керек және рационға миға пайдалы тамақтар мен сусындар қосу қажет. Солардың бірі – шөптер шайы.
Түймедақ шайы
Түймедақ шайы құрамындағы антиоксиданттардың арқасында есте сақтауды жақсартады және бос радикалдарды "жағады". Түймедақ апигенин және лютеолин қабынуға қарсы қосылыстарына бай болғандықтан, ол ми жасушаларының дамуына және олардың өзара байланысын қатайтуға ықпал етеді.
Итмұрын шайы
Итмұрын да антиоксиданттарға бай, ол миды қабынудан қорғайды.
Жалбыз шайы
Жалбыздың негізгі пайдалы компоненттерінің бірі – гүлшетен қышқылы. Ол Альцгеймер ауруымен байланысты мидағы спецификалық ақуыздардың түзілуін азайтады.
А. Жапатова