- Негізгі бет
- Денсаулық
- Іш қатумен қиналасыз...
Іш қатумен қиналасыз ба? Ішектерді тазартудың үш қадамы
Дәрігер Бубновский - ұзақ өмір сүру мәселелері бойынша танымал сарапшы. Сергей Михайловичтің сенімі бойынша, таң таңғы астан басталмауы керек. Алдымен ағза кешегі тамақ қалдықтарынан тазару керек.
Таңертең асқазан-ішек жолын жаңа күнге және жаңа тамаққа дайындау керек. Яғни, үлкен дәретке бару керек. Бірақ әрине, барлық адам бірдей күнде таңертең үлкен дәретке бара алмайды. Іш қатумен қиналатын адамдар да көп. Бұл процесті ретке келтіру үшін дәрігер Бубновскийдің әдістеріне жүгінуге болады. Бұл жайлы сарапшының блогында жазылған.
Салқын душ
Дәрігер Бубновскийдің айтуынша, таңертең ұйқыдан тұра сала жылдам салқын душқа түсіп алған дұрыс.
"5-10 секунд салқын су қан айналымды жақсартады және ұйқыны ашады. Бұл өздігінше криотерапия", - дейді дәрігер.
Көк шай
Денені душқа шайғаннан кейін "ішектерге де душ" керек. Ол үшін жылы су ішіңіз. Аздап бал қосылған көк шай ішу де пайдалы.
Дәрігердің айтуынша, таңғы асқа дейін көк шай ішу әдеті уақыт өте ағзаға іш жүргізуші әсер бере бастайды. Егер созылмалы іш қатуға бейім болсаңыз, бұл сусын сізге өте пайдалы.
Жеңіл гимнастика
"Таңғы гимнастикалық комплекске құрсақ тығыршығына және аяққа арналған жаттығуларды, мысалы, отырып-тұруды қосыңыз", - дейді дәрігер Бубновский.
Таңғы гимнастика көп уақытты алмайды және ол тек 3-5 жаттығудан тұруы мүмкін. Бастысы - бұлшықеттерге аздап жүктеме беру.
А. Жапатова