Телефон қолданысындағы қателіктер

Телефон қолданысындағы қателіктер

Қазіргі кезеңде телефон ең сенімді серігімізге айналды. Ал тіптен жастар арасында түнді таңға жалғап телефонда сөйлесетін әдет те пайда бола бастады. Алдыңғы ұрпақта қалтафонның қолдану аясы мұнша кең болмағандықтан, қартайған кездегі душар ететін дертін біз біле бермейміз. Ең бастысы техникалық құрылғылардың адам өміріне алып келер зардабы біздің замандастарымызға бұйырған шығар. Мамандар оның радиациясының адам денесіне тигізер орасан зор зиянын айтып, күн сайын дабыл қағуда. Дегенмен оны елеп-ескеріп жатқан пенде жоқ. Техника біздің айрылмас бөлшегімізге айналып қалғандай. Сол үшін де оны қолданба деп айту «заманнан тыс қалып қой» дегенмен бірдей. Дегенмен, оның зияны туралы да біле жүргеніміз жөн. Біз төменде мамандардың ұсынысын ескерту ретінде беріп отырмыз.

  • Қалтафоныңызбен сөйлесу кезінде бір орыннан қозғалмай, байланыс желісі жақсы ұстайтын жерде тұрып сөйлесуге тырысыңыз. Нашар желі мен арлы-берлі қозғалыс барысы одан бөлінетін радиацияны күшейтіп жіберетіндіктен, оның адам денесіне, жүйке жүйесіне кері әсері арта түседі. Ал лифт ішінде ең жақсысы телефон пайдаланбаған абзал.
  • Ал телефон нөмірін терген сәтіңізде қарсы жақ көтермейінше телефонды құлағыңызға апара көрмеңіз. Бұл кезде де оның радиациясы барынша артады. Ал қарсы жақ телефон тұтқасын көтергенге дейін барынша бас бөліміңізден аулақ ұстаңыз.
  • Ал телефонды беліңіз бен мойныңыздан аулақ ұстаңыз. Адамның кейбір әлсіз жүйелері оның болмашы радиациясынан да зардап шегеді. Жүктілік мезгілінде телефон қолданудан тіпті аулақ болыңыз. 

  • Әдеттегі жағдайда телефоныңыздың блютуз жүйесін сөндіріп қойыңыз.
  • Ұзақ уақыт радиация әсері үлкен мида пайда болатын әртүрлі аурулардың себепшісі. Сондықтан барынша сақтану үшін құлаққап пайдаланғаныңыз жөн. 
  • Көлік ішінде телефон пайдалану жол апатына жолықтырудан тыс, адам денесіне орасан зор әсер етеді. Ондай жағдайда көлігіңіздегі магнитофонды өшіріп барып, телефон қабылдаңыз. Ал көлікпен жүрген кезіңізде телефоныңызды сөндіріп қойсаңыз, тіптен жақсы.

 

Телефон қолданудың адам денесіне тигізер қандай зардаптары барын, қандай аурулар мен дертке душар ететінін алда да айтатын боламыз.  

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: ccidnet.com

Қ. Қауымбек