Дәрігер әйелдерде жатыр мойны обырын көрсететін елеусіз белгіні атады

Дәрігер әйелдерде жатыр мойны обырын көрсететін елеусіз белгіні атады
Фото: kinzerskiy.clinic

Денсаулығыңызға жеңіл қарамаңыз. Егер алаңдауға себеп болса, дәрігерге баруды ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Ерте диагноз сіздің өміріңізді сақтай алады. Себебі ерте кезеңдердегі қауіпті аурулар елеусіз белгілер арқылы көрінеді. Мұндай қауіпті белгілерді елемеу өте қауіпті.

Мысалы, арқаңыз қаншалықты жиі ауырады? Кейде бұл кездейсоқ шамадан тыс жүктелгендіктен немесе тым ұзақ отырғандықтан шығар. Бірақ кейде бұл белгі онкологияны білдіреді екен.

Британ Ұлттық денсаулық сақтау қызметі сарапшыларының пікірінше, бұл симптом кейде жатыр мойны обырының белгісі ретінде әрекет етеді. Көбінесе мұндай диагнозбен ауыратын әйел жамбас сүйектері арасында немесе іштің төменгі бөлігінде ауырсынудан зардап шегеді, деп жазады The Sun.

Жатыр мойны обырының бірнеше типтік белгілері:

• етеккірден тыс қан кету;

• етеккірдің тым ауыр өтуі;

• жыныстық қатынас кезінде ауырсыну.

Онколог Мария Собивчактың айтуынша, мамандар папиллома вирусының онкогенділігі жоғары түрлерін жатыр мойны обырының негізгі себебі деп санайды. Бұл ПВ жұқтырған әйелде міндетті түрде қатерлі ісік пайда болады дегенді білдірмейді. Көп жағдайда иммундық жүйе вирусты өздігінен жояды. Алайда, егер иммундық жүйе қандай да бір себептермен бұзылса, вирус денеде қалады. Бұл процесс вирустың персистенциясы деп аталады және дәл осы процесс онкологтар жатыр мойны обырының дамуының негізгі қауіп факторы деп санайды.

Бұдан басқа, қосымша қауіп факторлары бар. Мысалы, жыныстық қатынастың бей-берекетсіздігі: егер әйелде бірнеше жыныстық серіктес болса немесе ол қорғанбаса үнемі вирусқа тексерілу керек. Темекі шегу де жатыр мойны обырының қаупін арттырады, өйткені бұл жаман әдет иммундық жүйені әлсіретеді. Дәл сол себепті АИТВ немесе гепатит сияқты аурулар қауіп факторына айналуы мүмкін.

Т. Раушанұлы