Тұмауды тез жеңу үшін...

Тұмауды тез жеңу үшін...
Фото: ru.freepik.com

Тұмау - қабыну сипатындағы респираторлық аурулар кешенінің жалпы атауы. Бұл қауіпті ауру емес, бірақ оның белгілері үйреншікті істермен айналысуға кедергі келтіреді. Сондықтан барлық адам одан барынша жылдам арылғысы келеді. Тұмауды жылдам жеңуге көмектесетін кеңестерді ұсынамыз.

Ересектердегі тұмау белгілері

Тұмау белгілері, әдетте, вирус жұқтырғаннан кейін 1-3 күннен соң байқалады. Оларға мыналар жатады:

- мұрын бітелуі немесе мұрыннан су ағу;
- тамақтың ауыруы;
- жөтелу;
- түшкіру;
- көздің жасаурауы;
- жоғары температура;
- құлақта және бетте қысымның болуы;
- дәм сезу мен иіс сезуді жоғалту;
- жалпы хал-жағдайдың нашарлауы.

Тұмауды қалай емдейміз?

Тұмау - жоғары тыныс алу жолдарының вирусты жұқпасы. Тұмауды емдеуге арналған нақты дәрі жоқ. Көп жағдайда, тұмау 1 аптадан 10 күнге дейінгі аралықта өздігінен кетеді. Бірақ жазылуды жылдамдату үшін жұқпа белгілерін емдеу керек.

1. Толыққанды демалыс. Тұмауды жылдам емдеу үшін төсек режимін сақтау керек. Бұл ағзаның жылдам қалыпқа келуіне, ішкі резервтерді белсендіруге және иммунды жүйенің белсендірек жұмыс істеуіне көмектеседі.

2. Дұрыс тамақтану. Пайдалы тамаққа мән беріңіз. Жылдам жазылу үшін ағзаға теңдестірілген диета қажет. Көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз. Тамақты аз-аздан жеңіз.

3. Темекіден бас тарту. Тұмаудың ұзақ жазылуына темекі әсер етеді. Себебі темекі респираторлық жүйені тітіркендіреді және өкпе жұқпасы қаупін арттырады. Сондықтан ең болмағанда тұмау кезінде темекіні тоқтатқан дұрыс.

4. Көп сұйықтық ішу. Тұмау кезінде барынша көп сұйықтық (су, шөптер шайы) ішу керек. Ол тамақтың ауыруын жеңілдетеді, ағзаның сусыздануының алдын алады, құлақ және өкпе жұқпасы қаупін азайтады және мұрын шырышы мөлшерінің азаюына ықпал етеді.

5. Тамақты шаю. Тұмау кезінде тамақты әр екі сағат сайын шаю керек. Тамақты тұзды ерітіндімен, шөптер тұнбасымен шаюға болады.

6. Мұрынды тұзды ерітіндімен шаю.

7. Ауаны ылғалдандыру. Ауа ылғалдандырғыш құралды пайдалану мұрын қуысы тітіркенуінен арылуға көмектеседі.

8. Бөлмені жиі желдету;

9. С дәруменін ішу. Тұмау белгілері пайда болғаннан бастап С дәруменін ішу оның жылдам жазылуына ықпал етеді.

10. Вирусқа қарсы дәрі ішу. Қандай дәрі ішу керегін дәрігер ғана жазып беру керек.

А. Жапатова