Остеопороздан қорғайды. Терапевт артық салмақтың пайдасын айтты

Остеопороздан қорғайды. Терапевт артық салмақтың пайдасын айтты
Фото: familydoctor

Артық салмақ денсаулық, тамақтану тәртібі және өз-өзіне көңілі толмау сияқты проблемаларды тудырады. Бірақ терапевт Варвара Веретюк оның да өз артықшылықтары бар екенін айтады.

Артық салмақ сізге ұзағырақ өмір сүруге көмектеседі. Мұндай мәлімдеме көпшіліктің көңілін қалдыруы мүмкін. Өйткені, дәрігерлер бәрі керісінше екенін бұрыннан айтып келеді. Семіздік дәрежесі неғұрлым жоғары болса, адамның қант диабеті, жүрек және қан тамырлары аурулары, эндокриндік патологиялардан зардап шегу қаупі соғұрлым жоғары болады.

Дегенмен, толық болу да пайдалы болуы мүмкін! Бірақ маңызды шарт бар: жасыңыз 65-тен асқан болуы керек.

"Ғалымдарға 65 жастан асқан адамдарды зерттеген. Тәжірибеде артық салмағы бар егде жастағы адамдар қалыпты салмағы бар құрдастарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. 1-дәрежелі семіздік өмірді ұзартады. Өлім қаупі тек ДСИ>36 болғанда ғана артады", - дейді терапевт.

ДСИ - дене салмағының индексі. Ол формула бойынша есептеледі: дене салмағы (кг) / бойы (м)2.

Сонымен, сізде қалыпты салмақ, 1, 2, 3 және 4 дәрежелі семіздік болуы мүмкін:

• норма = 18,5-24,99,

• 25-29 = артық салмақ,

• 30-34 = 1 дәрежелі семіздік,

• 35-39 = 2 дәрежелі семіздік,

• ≥40 = 3 дәрежелі семіздік.

Ғалымдар артық салмақ егде жастағы адамдарда өлім қаупін 20%-ға дейін төмендетуі мүмкін екенін анықтады! Сондықтан олар шкаладағы сандар туралы көп алаңдамайды.

Ал 65 жастан асқан адамдарда  артық салмақ болса, ұзағырақ өмір сүруінің сыры ағзаның құрамында екені белгілі болды!

"Жасы ұлғайған сайын, салмағы өзгеріссіз қалса да, майдың жалпы мөлшері артады, тіпті қайта бөлінеді: тері астындағы май аз, ал ішкі ағзада (висцеральды - іштің ішінде, бауырда, бұлшықеттерде) көп",  - дейді терапевт.

Сонымен, дәрігерлер қарт адам салмағын жоғалтса, бұлшы қет массасын жоғалтатынын анықтады.

Әрине, егде жастағы адамдарда семіздік әлі де қант диабеті, буын ауруы қаупін арттырады, бірақ ол сонымен қатар сүйек тығыздығын арттырады және егде жастағы жамбастың сынуынан (остеопороз) қорғайды.

50 жастан асқасын адамдар остеопороздан зардап шегеді. Осы ауруға байланысты егде жастағы адамдардың құлауы жиі жамбастың сынуына әкеледі, оны салдары бойынша инфарктпен теңестіруге болады.

"Остеопороз – ХХ, тіпті ХХІ ғасырдың індеті, себебі әйелдердің 34%-ы және ерлердің 27%-ы 50 жастан кейін остеопорозбен ауырады. 65 жастан асқан әрбір үшінші адамның құлау қаупі жоғары, ал құлаудың 15%-ға жуығы жарақатпен ғана емес, жамбастың сынуымен аяқталады", - дейді дәрігер Ольга Ткачева.

Қартайған кезде физикалық белсенділік туралы есте сақтау керек. Бұл жаяу жүру, жүзу, серуендеу болуы мүмкін.

"Арық және белсенді емес болғанша, семіз және епті болған жақсы!" - дейді терапевт Варвара Веретюк.

Айта кетейік бұған дейін дәрігерлер жарма ботқасын неге жаңа туған сәбилерге беруге болмайтынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы