- Негізгі бет
- Денсаулық
- Гастроэнтеролог беттегі қандай...
Гастроэнтеролог беттегі қандай белгілер ішек ауруын білдіретінін айтты
Біздің ағзамыз аурып жатса оны түрлі жолдармен білдіреді. Ішектерді кейбір дәрігерлер «ең күшті ағза» деп атайды. Мысалы, ішектер біздің мінез-құлқымыз бен көңіл-күйімізді басқара алатынын бәрі біле бермейді. Қарнымыз ашқан немесе бірдеңе жегіміз келген белгі миға ішекті мекендеген бактериялар арқылы жіберіледі. Сондай-ақ олар иммунитетке, көңіл-күйге және тіпті деменция қаупіне әсер етуі мүмкін.
"Егер өзімізге жағымды нәрсе жасасақ, бақыт гормоны деп аталатын серотонинді өндіреміз. Ал серотонин тәрізді заттардың шамамен 90 пайызы мида емес, ішекте өндіріледі", - дейді дәрігер Александр Суворов.
Бірқатар ми ауруларының (мысалы, Склероз, Паркинсон ауруы, Альцгеймер ауруы) түпкі себебі ішекте болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін ғылыми еңбектер бар.
Ішектің сау емес екенін қалай түсінуге болады?
Асқазан-ішек жолдарының проблемаларына күдіктенуге болатын белгілер бар: іштің ауыруы, диарея, іш қату, іштің кебуі.
Сонымен, ішектегі проблемаларды беттегі белгілерден анықтауға болады:
• Біртүрлі қара дақтар,
• терінің кенеттен құрғап кетуі,
• псориазбен ауыра бастау,
• теріңізде кетпейтін қызару болса.
"Асқорыту жолы ағзадағы көптеген процестерді, соның ішінде терінің күйін бақылайтын ақуыздар мен молекулаларды құра отырып, тағамды ашытатын триллиондаған бактерияларға толы. Ішектер дұрыс болмаса, тері дұрыс "жаңара" алмайды, сонымен қатар ол проблемалардың бір түрі ретінде әрекет етеді", - дейді дәрігер Чун Тан британдық Express басылымына берген сұқбатында.
Ішек денсаулығы үшін диетаңызға мыналарды қосыңыз:
• түрлі-түсті орамжапырақ;
• асқабақ;
• брокколи;
• қояншөп;
• ақжелкен, аскөк, жасыл салат;
• майлы балық;
• қоңыр күріш;
• сүт өнімдері.
"Дегенмен, диетаға сүтті абайлап енгізу керек. Лактоза төзімсіздігі бар адамдар үшін – сүт қанты – қаймағы алынбаған сүт және оның негізінде жасалған өнімдер пайдадан гөрі зиянын тигізеді", - дейді гастроэнтеролог.
Бұл жағдайда лактозасыз өнімдер қолайлы.
Т. Раушанұлы