- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кеш ұйықтауды әдетке...
Кеш ұйықтауды әдетке айналдырудың қандай қауіптері бар?
Жиі түнге дейін жұмыстарды аяқтап, отырып қаламыз, түнімен телефон ақтарып жатамыз немесе достармен кездесуден түннің бір уағында келеміз. Осылайша, бізге қажет ұйқыны кейінге шегереміз. Ал үнемі бұлай кеш жатудан ағзамыз қиналып жатыр. Ұйықтауға түнгі 00:00-ден кейін жату әдетке айналып кетсе, не болады?
Биологиялық ырғақтар бұзылады. Сондай-ақ мелатонин өндіру жиілігі бұзылады. Егер адам жұмыс күндері де, демалыс күндері де кеш жататын болса, ағза үнемі күйзелісте болады.
Салмақ артады. Себебі глюкозаны жою бұзылады. Сондай-ақ ұйқы қанбаса, ағза энергетикалық қажеттіліктің орнын толтырып, тәбетті арттыратын грелин гормонын өңдейді. Сол үшін адам салмақ қосады.
Қант диабеті қаупі артады. Оған қоса, инсулин гормонының глюкоза деңгейіне әсер ету қабілеті төмендейді, яғни II типті қант диабеті пайда болуы мүмкін.
Жүрек-қан тамырлар аурулары қаупі артады. Атеросклеротикалық түйіншектер өсіп кетеді, сәйкесінше, жүрек-қан тамырлар аурулары қаупі артады.
Иммунитет әлсірейді. Адам ұйықтап жатқанда иммунды жүйе ағзаны қабынулар мен жұқпалардан қорғайтын заттар бөледі. Ұйқы жетіспесе, олардың мөлшері азаяды да, онкологиялық аурулар қаупі артады.
Есте сақтау нашарлайды. Ойлау, есте сақтау, зейін қою әлсірейді, себебі жаңа ақпаратты өңдеу процесі бұзылады.
Жағымсыз салдарлар орын алмас үшін 00:00-ге дейін жатып қалуға тырысыңыз. Оны әдетке айналдыру қиын емес:
- Ұйықтауға 3 сағат қалғаннан бастап тамақтанбаңыз және алкоголь ішпеңіз;
- Күндіз жарық терапиясы қажет: таза ауада көбірек жүріңіз;
- Ұйықтарға 1 сағат қалғаннан бастап ұялы телефон және теледидар қарамаңыз;
- Ұйықтарға 1 сағат қалғанда бөлменің жарығын азайта бастаңыз;