Көзілдірік керек болмайды: көру қабілетін жақсартатын жапон әдісі

Көзілдірік керек болмайды: көру қабілетін жақсартатын жапон әдісі
Фото: ru.freepik.com

Гаджеттер дәуірінде көз көруінің нашарлауы өзекті проблемаға айналып отыр. Егер заттарды анық көру қабілетіңізді жоғалта бастасаңыз, маманға қаралып, қажет ем алуыңыз керек. Ал көз ауруларының алдын алуға және көздің шаршауын басуға арналған жапон офтальмологы Руи Хирамацудің қарапайым техникасы бар.

Дәрігер Хирамацудің әдісі бір қарапайым жаттығуға негізделген. Маманның айтуынша, бұл жаттығуға күніне бірнеше минут бөлу жеткілікті. Жаттығу жасауға Габор дақтары бар сурет қажет. Оны ғаламтордан таба аласыз. Жолақтарға үш минут бойы қарап, екі бірдей түрін табуға тырысыңыз. Хирамацудің айтуынша, оның техникасы көру орталықтары орналасқан ми бөлігінің нейрондары арасындағы байланысты түзеуге көмектеседі. Ал ол көз көруінің жақсаруына әкеледі.

Габор дақтары

Риу Хирамацу - көзді үйде жаттықтыруға арналған басқа да әдістердің авторы. Мысалы, жақында және алыста тұрған екі объектіні таңдап, екеуіне кезектесе қарау арқылы көзді жаттықтыруға болады. Мұндай жаттығу көз бұлшықеттерін босаңсытуға көмектеседі.

Сондай-ақ, Риу Хирамацу көзге жылы суға суланған орамал басуды ұсынады. Ол қан құйылуын арттырып, көздің тітіркенуін және бас ауруын басады.

А. Жапатова