- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Бас жазу керек":...
"Бас жазу керек": Алкоголь иісінен қалай арылуға болады?
Мерекелік көңіл-көтеру кешін ішімдіксіз өткізетіндер сирек кездеседі. Дегенмен, ертесі алкогольдің сасық иісі шығып, мазаны алады. Бас мең-зең болып, "бас жазудың" түрлі жолын іздей бастайды. Кейде денеден шыққан иістің өзі жүректі айнытып, мазаны алады. Әсіресе, кештен кейін бірден маңызды кездесу мен жұмыс болса, тіпті ыңғайсыз. Одан тез арылу үшін не істеу керек?
Алкогольдің өзінің иісі және кейінгі иісі болады. Алғашқысы спирт дәмі ауызда, асқорыту жолында болған кезде шығады. Кейде одан арылу үшін ауыз қуысын тазалау жеткілікті. Бұл алкогольді өте аз мөлшерде тұтынған сәтте болады.
Ал кейінгі иістен арылу үшін біраз нәрсе істеуге тура келеді. Өйткені ол ағзаға түскен этанол ыдырап, бауырға түсіп, қанға өткеннен кейін шығады. Ыдыраған өнімдердің бірі — сілті қышқылы да ағзадан түрлі иістің шығуына әсер етеді. Бұның бәрін сыртқа шығару үшін адам жақсылап терлеп немесе жиі кіші дәретке бару керек. Алкогольден кейінгі иісті жай ауызды шайып немесе сағыз шайнау жою мүмкін емес. Өйткені иіс адамның бүкіл денесінен шығады.
Сұйықтық көбірек ішіңіз
Бұндайда кофе, қара және жасыл шай жақсы. Кофеин құрамына байланысты бұл сусындар диуретикалық әсерге ие және бүйректің жұмысын жылдамдатады. Сондықтан денедегі жағымсыз иісті химиялық қосылыстарды тезірек жояды.
Жылы душ қабылдаңыз
Жылы су терідегі ауа тесіктерін ашады және тазартады, осылайша токсиндердің шығуын тездетеді. Неғұрлым тиімді нұсқа — бұл метаболизмді жақсартатын контрастты душ. Бірақ оған жүрек-қан тамырлары жүйесінің денсаулығына сенімді адамдар ғана жүгінуі керек.
Таңғы асты дұрыс ішіңіз
Мысалы, жұмыртқа немесе майсыз ет стейк. Бұл тағамдар бауырға этил спиртінің қалдықтарын тезірек өңдеуге көмектесетін ақуызға бай.
Жаттығу жасаңыз
Немесе серуендеңіз. Кем дегенде, таза ауамен тыныс алу үшін бөлмені желдетіңіз. Алкогольді бауырда тиімді тотықтыру үшін оттегі қажет, ал ағза оны неғұрлым көп алса, процесс соғұрлым тез жүреді. Сонымен қатар, терең тыныс алған сайын өкпені тазарады.
Дәрі-дәрмектерді қолданыңыз
Құрамында унитиол немесе сукцин қышқылы бар препараттары өте тиімді. Бұл заттар метаболизмге әсер етеді және осылайша алкогольдің ыдыраған өнімдерін ағзадан шығаруды тездетеді.