Терапевт күніне неше мандарин жеуге болатынын айтты

Терапевт күніне неше мандарин жеуге болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Жаңажылдық дастарханды мандаринсіз елестету қиын. Мандарин өте дәмді және пайдалы жеміс. Ол С, В1 және В2 дәрумендеріне, бета-каротин, жасұнық және антиоксиданттарға бай. Бұл тәтті жемісті балаларда жақсы көреді. Мандаринды жеп бастаған адамның өзін-өзі тоқтатуы қиын. Бірақ басқа да цитрусты жемістер секілді мандариндер де - күшті аллерген. Терапевт Тимур Асанов news.ru сайтына денсаулыққа зиян болмас үшін күніне неше мандарин жеу керегін айтты.

«Қауіпсіз норма — күніне бес-алты мандарин. Оларды бірден бәрін емес, күні бойына бөліп жеген дұрыс», - деп ескертті дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, жеміс тәтті болған сайын оның құрамындағы қант көп, ал гликемиялық индексі жоғары болады. Сондықтан порциясы аз болуы керек. Глюкоза инсулин өнделуін ынталандырады. Егер бірден көп мандарин жесеңіз, өңделген инсулин майдың бөлінуін бұзып, адам салмақ қосады.

Цитрусты жемістер тәбетті ашады. Сондықтан артық тамақтанбас үшін оны кешкі ас алдында жемеген жөн. Жалпы жемістерді қандай да бір тамақпен бірге жемей, өздерін жеке тіскебасар ретінде қолданған дұрыс.

«Мандаринді десерт ретінде жеуді ұсынбаймын, себебі олар асқазан-ішек жолында ашу процесін іске қосады және ішті кептіреді», - деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, қышқыл жемістерден асқорыту аурулары бар адамдар бас тартуы тиіс.

Дәрігер цитрусты жемістер аллергия беретіндіктен, оны бала рационына қосуға асықпауға шақырды.

«Педиатрлар мандаринді 1 жасқа толмаған балаларға беруді ұсынбайды», - деді Тимур Асанов.

А. Жапатова