- Негізгі бет
- Денсаулық
- Неліктен ұйықтап жатқанда...
Неліктен ұйықтап жатқанда ауыздан сілекей ағады?
Кейде адам ұйқыдан тұрғанда аузынан сілекей аққаннан, жастығының су болып қалғанын байқайды. Әрине, бұл соншалықты жағымсыз жағдай емес, бірақ оның мүмкін себептерін білген артық етпейді.
Оның себебі жақтың ерекше құрылысында болуы мүмкін: ол түнде адам бір қырымен жатқанда қатты босаңсиды, сондықтан сілекей еш кедергісіз сыртқа шығып кетеді. Бұл жағдайда шалқамен жатып ұйықтап үйрену жеткілікті.
Ересек адамның түнде аузынан сілекей ағуына қандай факторлар әсер етеді?
- Мұрын қуысы проблемалары. Мұрын шырыштысындағы қабыну процестерін елемей қоюға болмайды. Шырышты қабық біраз маңызды қызметтерді атқарады. Адамда мұрын қуысы проблемасы болса, тыныс алу процесі қиындап, ол ұйықтағанда аузын сәл ашып жатады. Соның себебінен сілекей ағады;
- Кеңсіріктің қисаюы. Бұл да тыныс алуды қиындатып, ауызды ашып ұйықтауға әкеледі;
- Ауыз қуысындағы инфекциялық процесс. Тіс немесе тіс еті аурулары түнде ауыздан сілекей ағуын ынталандыруы мүмкін;
- Асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы. Асқазандағы қабыну процестері кезінде қышқылдық артады, ал ол сілекейдің көп бөлінуіне әкеледі;
- Ағзадағы ішек құрты және басқа да паразаиттер;
- Жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы, ағзаға күш түсіретін дәрілік құралдар ішу;
- Ауыз қуысында басқа заттың болуы. Мысалы: брекет, тіс протезі. Олар сілекейдің көп бөлінуіне әсер етуі мүмкін;
- Сілекей бездерінің қабынуы;
- Паркинсон ауруы.
Балаларда түнде сілекей ағуының себептері:
- Психологиялық аурулар;
- Бас миы қатерлі ісігі;
- Кей дәрілік препараттарды ішу;
- Вирусты аурулар;
- Стоматит;
- Асқазан-ішек жолы проблемалары.
Еметін балаларда сілекейдің көп бөлінуі қалыпты саналады. Себебі олардың сілекей бездері әлі дұрыс қалыптаспаған. Сондай-ақ ол тістің шығып келе жатқанымен байланысты болуы мүмкін.
Түнде ауыздан сілекей ағуынан қалай арыламыз?
Ең алдымен дәрігерге көрініп, барлық қауіпті себептерді жоққа шығарған жөн. Содан соң стоматологқа қаралып, ауыз қуысын бір тексерту керек. Егер еш ақау анықталмаса және сілекей ағу физиологиямен байланысты болса, оны былай азайуға болады:
- Зиянды әдеттермен күресіңіз;
- Рационнан тұзды және ащы тағамды алып тастаңыз;
- Ауызды шөптер қайнатпасымен шайып тұрыңыз;
- Бір қырымен емес, шалқасынан жатып ұйықтауға тырысыңыз;
- Мұрын қуысына күтім жасаңыз. Мысалы, мұрын қуысын теңіз суымен жуыңыз немесе эфир майымен тыныс алыңыз.