Дәрігер неге тік тұрып су ішуге болмайтынын айтты

Дәрігер неге тік тұрып су ішуге болмайтынын айтты
Фото: Getty images

Деніміз сау және жас болу үшін суды қалай ішу керек екені туралы ережелер бар. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмаса ас қорыту жүйесі бұзылады, бүйрек пен бауыр және басқа ағзалар зардап шегеді. Күн сайын қанша сұйықтық ішетініңіз ғана емес, оны қалай ішу де маңызды.

Суды отырып ішу керек

Біз суды түрегеп те іше береміз.  Бірақ дәрігерлер оның ағза үшін зиян екен айтады.

«Суды тамақ жеген сияқты отырып ішу керек. Суды тұрып ішу ағзадағы сұйықтықтың теңгерімсіздігін тудырады, бұл буындарда сұйықтықтың жиналуына және артриттің дамуына әкелуі мүмкін. Отырған күйде жүйке жүйесі мен бұлшықеттер босайды, бұл су мен тағамды ассимиляциялау процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, бұл позициядағы бүйрек түсетін сұйықтықты жақсы сүзеді», - дейді дәрігер Ирина Юзуп.

Суды тұрып ішсеңіз не болады?

Түрегеп су ішкен кезде ас қорыту жолдарының жұмысы баяулайды, деп атап өтті дәрігер.

«Сұйықтық асқазанда ұзақ тұрмайды, тікелей он екі елі ішекке түседі. Отырғанда ішу әдеті ас қорытуды, бүйрек пен қуық жұмысын жақсартуға көмектеседі», - деп түсіндіреді Ирина Юзуп.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, судың ағзаға барынша пайда әкелу үшін оны тамақтан бұрын немесе кейін ішу керек. Және ол бөлме температурасында болғаны дұрыс.

Т. Раушанұлы