Кеуде тұс неге ауырады?

Кеуде тұс неге ауырады?
Фото: ru.freepik.com

Кеуде тұсының ауыруы жиі кездеседі. Бұл жағымсыз белгіні елемеуге болмайды, себебі ол медициналық араласуды қажет ететін қауіпті аурулардың дамуын ескертуі мүмкін. Кеуде тұсы неге ауырады?

Кеуде остеохондрозы

Остеохондроз — көкірек қуысы ауыруының жиі кездесетін белгісі. Ол физикалық жүктеме біркелкі түспегендіктен және аз қозғалысты өмір салтынан пайда болады. Бұл проблеманы мына негізгі екі белгі көрсетеді: дорсаго және дорсалгия.

Дорсаго кезінде кеуде қуысындағы ауыртатын сезім бірден пайда болады және тұншығумен қатар жүреді. Дорсалгия кезінде ауру, әдетте, үш апта бойы түнгі уақытта және терең демалғанда күшейеді.

Кеуде остеохондрозының дамуына отырыңқы жұмыс, ұзақ көлік айдау, дене мүсінің қисаюы, бұлшықет корсетінің әлсізденуі әсер етеді.

Өңеш ауруы

Кеуде қуысының ауыруы асқазан-ішек жолы жолдарының ауруларының дамуымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы: қыжыл, жара, өңеш  тамырларының түйнеліп ауыруы.

Бұл кезде кеуде тұсының ауыруы тамақ ішу кезінде немесе тамақтанып болған соң күшеюі мүмкін. Уақытында медициналық көмекке жүгінген дұрыс.

Жүрек патологиялары

Кеуде аймағы жүрек пен тыныс алу жүйесін қамтиды. Сондықтан кейде жүрек қыспасы секілді жүрек патологиялары адамның кеуде тұсының ауыруына әкеледі.

Паникалық шабуыл

Себепсіз үрей ұстамалары жиіленген тыныс алу, қатты терлеу және кеуде қуысының ауыруымен қатар жүреді. Паникалық шабуыл кезінде адам эмоционалды қозады. Ал ол есіруге және адамның өзін-өзі ұстай алмауына әкелеуі мүмкін.

Тыныс алу жүйесі органдарының аурулары

Бұл жағдайда кеуде қуысындағы ауру тыныс алғанда күшейіп, дем шығарғанда азаяды. Тыныс алу жиіленіп кетеді. Тыныс алу жүйесі органдарының кең тараған ауруларының бірі — пневмония.

Қабырғааралық невроз

Қабырғааралық невроз омыртқа проблемасы, дұрыс емес дене мүсіні, ағзаның суып кетуі немесе сүт бездері проблемасы себебінен дамиды.

Қабырғааралық неврозға тән айрықша белгі — үздіксіз сыздап ауыратын ауру, ол бірден қозғалғанда, түшкіргенде немесе жөтелгенде күшейеді. Әдетте, бұл жағымсыз сезім түнгі уақытта да сақталып, зақымдалған жердегі терінің қызаруына немесе бозаруына әкеледі. Оған қоса, жағымсыз сезімдерді кетіруге ауруды басатын құралдар көмектеспейді. Сондықтан уақытында маманға қаралу маңызды.

Темекінің әсері

Шылымқор темекіден бас тарту жайлы шешім қабылдағанда қиын уақытты бастан өткеретіні рас. Оған қоса, оны кеуде тұсының ауыруы ушықтырып жіберуі мүмкін. Оны өкпенің және бронхтардың жиналып қалған никотин мен түтіннен тазаруымен байланыстырады. Бұл жағымсыз сезімді жеңу үшін көбірек су ішу, тыныс алу гимнастикасын меңгеру және таза ауада көп уақыт өткізу ұсынылады.

Өкпе патологиясы

Көкірек қуысының көп бөлігін өкпе алып тұрғандықтан, ол жағымсыз сезімнің себебі бола алады. Жиі әйелдер аутоиммунды немесе аллергиялық аурулармен қиналса және ұзақ уақыт темекі тартса,  өкпе патологиясына шалдығады.

Егер кеуде тұсы өкпе патологиясы үшін ауырса, жағымсыз сезім құрғақ немесе ылғал жөтелмен, демікпемен, жоғары дене температурасымен қатар жүреді.

Психосоматикалық ауру

Егер басқа себептер маманмен жоққа шығарылса, кеуде тұсындағы ауру психосоматикалық болуы мүмкін. Психосоматика көзқарасынан кеуде тұсының ауыруы сыртқа шықпаған реніштер мен уайым-қайғы деп қарастырылады. Сондай-ақ мұндай жағымсыз сезім романтикалық қатынастағы проблема және өз махаббатын білдіру мүмкіндігінің жоқтығынан пайда болуы мүмкін.

А. Жапатова