- Негізгі бет
- Денсаулық
- Алмұрттың адам денсаулығына...
Алмұрттың адам денсаулығына тигізер 4 пайдасы
Ғалымдардың айтуынша, алмұрттың адам денсаулығына тигізер пайдасы өте көп. Біз ойлағаннан да мол.
Мәселен, серб дәрігерлерінің Magazin Novosti басылымына берген сұхбатында алмұрттың мынадай пайдалы жақтарын айтады.
«Алмұрт қандағы холестерин мен қанттың деңгейін түсіруге көмектеседі. Сол арқылы қан қысымын реттейді. Бұл жемістің құрамында С дәрумені мол болады. Ал С дәрумені ағзадағы жасушаның бүлінуін болдырмайды. Бұл жағынан келгенде алмұрттың пайдасы балдың тигізер пайдасымен бірдей. Дәрігерлердің туберкулезбен ауырған, тыныс жолдары ауруларына шалдыққан адамдарға алмұрт жеуге кеңес беретіні содан», - дейді серб мамандары.
Алмұрттың құрамында жасұнық мол болады. Ал жасұнық ас қорыту мен ішек жұмысын жақсартуға септигін тигізеді.
Алмұртты күнде жеуді әдетке айналдырған адам қан қысымы, гипертензия, семіздік, қанттың көбейіп кетуі, қант диабеті сынды аурулардан аман болады деседі мамандар.
Қ. Слямбек