Иммунолог суық тию туралы танымал мифті жоққа шығарды

Иммунолог суық тию туралы танымал мифті жоққа шығарды
Фото: radiokp.ru

Суық тию туралы танымал мифті иммунолог-аллерголог Андрей Продеус жоққа шығарды. Маманның айтуынша, суықтың түсуінен немесе гипотермиядан суық тию мүмкін емес. Бұл туралы Lenta басылымы хабарлады.

"Көпшілік әлі күнге дейін суық тиюді суық ауа райы, кондиционер немесе жел қоздырады деп санайды, бірақ бұл миф. Ауруға шалдығу үшін сізге  микробтар мен вирустар қажет. Енді бұл денеде болмаса ешбір суық ауруды тудырмайды", - деді дәрігер.

Продеустің пікірінше, бұл балмұздақ пен мұзды суға да қатысты. Ауру ағзада микроб немесе вирус болған жағдайда ғана пайда болады. Сонымен қатар, дәрігер сыз жерге отырғанда  немесе, аяқтан сыз өткенде пайда болатын цистит туралы мифті де жоққа шығарды.  Дәрігердің айтуынша, бұ ауру зәр шығару жолдарының бактериялық инфекциясы болған кезде ғана пайда болады.

"Сондықтан сізде немесе сіздің балаңызда созылмалы инфекция ошағы жоқ екеніне көз жеткізу керек. Бұл созылмалы тонзиллит, аденоидтер, кариес және мұрын-жұтқыншақ немесе ауыз қуысында пайда болатын түрлі бактериялық аурулар. Бұоар болса ғана басқа факторлар есебінен сіз шынымен ауруға тап болуыңыз мүмкін", - деді Продей.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер іш қатуды дәрісіз қалай емдеуге болатынын айтқан еді.

Т. Раушанұлы