Балада аллергия бар екенін қалай білуге болады – аллерголог жауабы

Балада аллергия бар екенін қалай білуге болады – аллерголог жауабы
Фото: gematest

Көзден жас ағу, жөтел және түшкіру сияқты ағза белгілері ЖРВИ белгілері емес, аллергиялық реакция. Бұл қарапайым суық тию емес екенін қалай білуге болады, балалардағы аллергиялық аурулардың көбеюіне не себеп болады, олар тұқым қуалайды ма – осы сұрақтарға аллерголог-иммунолог Гүлжан Әбдіқадірова жауап берді.

Ол аллергияның қандай белгілерін сипаттайтынын, кімге қауіп төнетінін және аллергиялық аурумен ауыратындарға арналған дәрі қобдишасында не болуы керекгін айтып берді.

Дәрігердің пікірінше, аллергия – бұл иммундық жүйенің мүлдем зиянсыз заттарға стандартты емес реакциясы. Көп жағдайда оның тұқым қуалайтын бейімділігі бар. Егер әкесі аллергиялық аурумен ауыратын болса, онда бала 30 пайыз жағдайда ауырады, егер анасында болса, онда қауіп 50 пайызға артады, егер ата-ананың екеуі де болса, бала 80 пайыз жағдайда ауырады.

"Кішкентай балалар антисептиктерді қолданбауы керек, қолдарын сабынмен жуу жеткілікті", - дейді Гүлжан Әбдіқадірова.

Дәрігер аллергиялық риниттің белгілері түшкіру, мұрынның ағуы, мұрын мен көздің қышуы екенін атап өтеді. Ең алдымен тозаңмен байланыста болатын шырышты қабаттар зардап шегеді. Температура ешқашан көтерілмейді. Вирустық риниттің белгілері – жоғары температура, ауырсыну, әлсіздік.

"Үш жасқа дейінгі балаларда тамақ аллергиясы жиі дамиды, ол тері бөртпелерімен, қышынумен, терінің құрғауымен бірге жүреді. Өйткені бұл жаста асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының және ішек микробиомасының тосқауылдық функциялары әлі толық қалыптаспаған болады", - дейді дәрігер.

Өмірге ең қауіпті аллергия түрлері – дәрі мен жәндіктердің шағуына аллергия. Реакция (анафилактикалық шок) бірнеше секунд ішінде дамуы мүмкін.

"Егер сіздің отбасыңызда аллергия болса, антигистаминдік дәрілер әрқашан қобдишада болуы керек. Ал егер сіздің отбасыңызда анафилактикалық шок жағдайлары болса, әрқашан адреналинді өзіңізбен бірге алып жүріңіз", - деп кеңес береді дәрігер.

А. Оралқызы