- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар сүт өнімдері...
Ғалымдар сүт өнімдері қауіпті аурудың алдын алатынын анықтады
Сүт өнімдері дұрыс ұйқының кепілі және кальцийдің тамаша көзі. Ғалымдар ірімшік, сүзбе және басқа да сүт өнімдерін жақсы көретіндер өздерін бір қауіпті аурудан қорғайды дейді.
Сүт, ірімшік, сүзбе, айран, шалап... бұл өнімдер бізге бала кезімізден таныс. Қазір көптеген адамдар сүт өнімдерінен салмақ қосу, безеу пайда болады және лактозаға төзбеушілік салдарынан бас тартып жатады. Шындығында, сүт біздің ағзамызға зиян емес, тіпті ересек жаста да, дейді дәрігерлер. Бірақ жағымсыз «жанама әсерлер» болмауы үшін кейбір ережені сақтау қажет.
Ғалымдар сүт өнімдері 2 типті қант диабеті ауруынан қорғайтынын айтады. Мұндай қорытындыны Неапольдегі ІІ Федерико атындағы университ ғалымдары жасады.
Зерттеушілер күніне 200 мл сүт ішу (бұл орташа өлшемді 1 стақан) қант диабетінің даму қаупін 10% төмендетуге көмектесетінін анықтады. Ірімшік, айран, сүзбе және басқа сүт өнімдері бұл ауруды 5 пайызға төмендетуі мүмкін. Зерттеушілер йогуртты бөлек зерттеген. Күніне бір йогурт ауруды 6 пайызға, ал, майы аз сүт өнімдері ауруды 3 пайызға төмендетеді.
«Сүт өнімдері глюкоза алмасуына – ағзадағы қантты өңдеуге қолайлы әсер ететін қоректік заттарға, дәрумендерге және басқа да биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Мысалы, сүттегі сарысу ақуыздары тамақтан кейінгі қандағы қант деңгейін өзгертетіні белгілі», - дейді Express зерттеуінің авторы доктор Гиосу.
Сонымен қатар, сүт өнімдері глюкоза алмасуына жақсы әсер ететін пробиотиктерге бай екенін ұмытпаңыз. Сондықтан, кем дегенде аптасына екі рет сүт өнімдерін жеуге дағдыланған адамдардың ішінде 2 типті қант диабетімен ауыратыны аз болады.
© daily.afisha
Қандай тағамдар қант диабетінінң қаупін арттырады?
Ғалымдар қызыл ет, керісінше, қант диабетінің даму қаупін арттыратынын да анықтады. Сонымен, шошқа, сиыр, қой етін, шұжықтарды ұнататындар аурудың даму қаупін 20 пайызға дейін арттырады.
«Өңделген ет құрамында нитриттер мен натрий бар, олар басқа жанама әсерлермен қатар инсулинді шығаратын ұйқы безінің жасушаларын зақымдауы мүмкін», - деп түсіндірді доктор Гиосу.
Ағзаңызды қорғау үшін ғалымдар ақ етке: күркетауық, тауық, сонымен қатар балық етін жеуді ұсынады. Бұл өнімдерді асқазан жеңіл қорытады және олардың құрамында калория аз.
Т. Раушанұлы