Ұйықтарда қандай дәрі ішуге болмайды?

Ұйықтарда қандай дәрі ішуге болмайды?
Фото: vladivostok.bezformata.com

Ұйқының бұзылуына суық тиюге және вирустық инфекцияларға қарсы ұнтақтар да әсер етуі мүмкін.

Бірқатар дәрі-дәрмектер ұйқының сапасын нашарлатып, ұйқысыздықты тудыруы мүмкін, дейді дәрігер Майкл Брейс Eаt This, Not That басылымына берген сұхбтында.

Ұйықтар алдында денедегі серотонин өндірісін тудыратын депрессияға қарсы препараттарды қабылдау ұйқыға теріс әсер етуі мүмкін. Дәрігер мұндай дәрі-дәрмектерді таңертең ерте ішуді ұсынады. Бұл күн ішінде өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі.

Ұйқының бұзылуына суық тиюге және вирустық инфекцияларға қарсы ұнтақтар да әсер етуі мүмкін.

"Бірнеше рет суық тиюге қарсы препараттардың құрамында мұрын бітелуін жеңілдететін псевдоэфедрин бар. Оны мұрынға спрей ретінде қолданғанда да ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін", – деп ескертті маман.

Бұл зат аллергияға қарсы препараттарға да, сергектік беретін таблеткаларға да қосылады. Ұйықтар алдында антигистаминді ішу әдеті де ұйқысыздықтың пайда болуына әкелуі мүмкін.

informburo.kz

Қ. Слямбек