- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қанда азайып кеткен...
Қанда азайып кеткен темірді қалай толықтыруға болады?
Темір жетіспеушілігі неден болады? Дәрігер жазып берген қосымша белсенді тағамдар, темір қосылған БАД-тар ағзадағы элемент дефицитін толықтара ала ма? Сол жайлы мамандардың пікіріне ден қояйық.
Мамандардың айтуынша, ағзадағы азайып кеткен темірдің орнын өмір бойы БАД толықтырып бере алмайды. Уақытша ғана толықтыруы мүмкін. Одан да ең алдымен ағза неге темірді толықтыра алмай жатыр, себебі неде, мәселе қайда жатыр деген сауалдардың жауабын білуіміз керек.
Демек, ағзаға темір жетіспесе, ол бір жаққа кетіп жатыр, ағза оны тамақтан ала алмай, сіңіре алмай жатыр деген сөз. Темір жетпеудің екі басты себебі бар: бірі – пациенттің жеп жүрген тағамдарының ішінде темірі мол тағамдар аз болуы мүмкін, екінші – асқазан және ішек жолдары темір элементін дұрыс қорыта әрі сіңдіре алмағанынан болуы мүмкін.
Бірінші себептің шешімін табу оңай. Темірі мол тағамдар жеу керек. Оған ет жатады. Бірақ темірді өзге элементтермен бірге қосып жеуге болмайды. Мәселен, мырыш пен магний темірмен әрекеттесе, ағзаға түк пайдасы болмайды. Сондықтан темірді таңертең, қалғанын кешке ішкен абзал.
Сондай-ақ қазақ ғалымдары ет пен шайды бірге ішуге болмайды деп айтып жүр. Еттегі темірді шайдың құрамдас элементтері шайып кететін көрінеді.
Екінші себебінің шешімі біраз қиындау. Асқазанның сөлі аз бөлінсе, ішекте қабыну болса не темірді "жеп қоятын" патогенді микрофлоралар жүрсе, ұйқы безінің ферменті дұрыс бөлінбесе, ағзаның темірді сіңіруі қиын болады. Ендеше науқасқа осы себептердің қайсы кедергі келтіріп тұр, соны анықтап жүйелі ем-дом жасау қажет.
Ағзада темірдің түсіп кетуіне мыналар да әсер етеді: қан ағу, қан төгілу, менструация, жүктілік, онкологиялық аурулар, геморрой, тағы басқа.
Ағзадағы темірді препарат ішумен де, қанға тамызу арқылы жіберіп те толықтыруға болады. Бірақ ең алдымен жоғарыда айтылған себептердің шешімін табу қажет.
Гемоглобинді қалай көтеруге болады – дәрігердің жауабы
Қ. Слямбек