- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ұйқысыздық салмаққа қалай...
Ұйқысыздық салмаққа қалай әсер етеді?
Ұйқының дұрыс болмауы денсаулыққа зиян екені баршаға мәлім. Түнде толыққанды тынықпау адамның өңін бозартып дел-сал көрсетуінен бөлек, салмақтың артуына әкелетінін бәрі біле бермейді.
Ғалымдар не дейді?
Бұл саладағы соңғы зерттеу Еуропалық клиникалық тамақтану журналында жарияланды. Беделді басылымның сарапшылары ұйқысы қанбаған адамдар келесі күні орташа есеппен 385 калорияға артық жейтінін анықтады (бұл орташа өлшемді гамбургердің немесе глазурленген пончиктің энергетикалық құндылығы). Егер адам үнемі дұрыс ұйықтамайтын болса, онда қосымша калория салмақтың өсуіне әкеледі. Зерттеушілер сонымен қатар зерттеуге қатысушылар ұйқысы қанбаған кезде ақуыздар мен күрделі көмірсуларды елемей, майлы тағамдарды таңдағанын анықтады.
Неге ұйқының болмауы шамадан тыс тамақтануға әкеледі
Зерттеу авторлары ұйқысыз түннен кейін тәбеттің жоғарылауын аштық сезіміне жауап беретін гормондардың жұмысымен байланыстырады. Егер дененің тынығуына уақыт жеткіліксіз болса, келесі күні жоғары калориялы және пайдалы емес тағам әдеттегіден бірнеше есе тартымды болып көрінеді, сондықтан оған қарсы тұру қиынырақ.
Ұйқы қанбаған кезде қалай тамақтанған жөн?
Journal of Obesity журналы 7-9 сағат ұйықтауға мүмкіндігі жоқ, бірақ денінің саулығын сақтағысы келетіндерге арналған мәзір жариялады. Сонымен, ұйқыңыз қанбаған күндері не жеу керек:
- төмен гликемиялық индексі бар тұтас дәнді өнімдер (қоңыр күріш, киноа, сұлы жармасы);
- дұрыс майлар (жаңғақтар, тұқымдар, авокадо, майлы балық, өсімдік майы);
- теңдестірілген тағамдар (жержаңғақ майы қосылған нан, күркетауық пен авокадо қосылған тост, көкөніс қосылған лосось).
Қаласаңыз, шоколад немесе печеньенің жеуге болады. Бұл стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі және сізді артық тамақтанудан сақтайды.
А. Оралқызы