Адамдардың дене температурасы төмендеп жатыр – бұл нені білдіреді
Фото: evercare

Адамдардың дене температурасы төмендеп жатыр – бұл нені білдіреді

ХІХ ғасырда неміс дәрігері Карл Вундерлих жүргізген ауқымды зерттеуге сәйкес, адам денесінің қалыпты температурасы Цельсий бойынша 37 градус. Ол 25 мың адамды тексергеннен кейін осындай қорытындыға келген. Дегенмен, біз қалыпты дене температурасы 36,6 градус болуы керек екенін білеміз. Кейінгі зерттеулер кейбір елдерде бұл көрсеткіш тіпті 36,6 ° C-тан төмен екенін көрсетеді. Бұдан адамдардың дене қызуы бірте-бірте төмендейді деген қорытынды жасауға болады. Кейбір зерттеулершілер кейінгі бірнеше онжылдықта адам температурасы төмендеп бара жатқанын айтады. Әрине, температура индикаторына көптеген факторлар әсер етеді, мысалы, жас, созылмалы аурулардың болуы, дене салмағы және т.б. Бірақ авторлар зерттеулерінде осы жайттардың барлығын ескерген. Сонда адам ағзасындағы мұндай өзгерістердің себебі неде?

© milistan.com.ua

Адам денесінің қалыпты температурасы

Көптеген ғалымдар адамның дене қызуы төмендейтінін айтады. Мысалы, eLife журналында бұл туралы айтылады. Ол Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың орташа дене температурасы 36,3 ° C дейін төмендеді деп мәлімдейді. Бұл адамдардың дене температурасы түсіп бара жатқанын білдіреді. Айтпақшы, дене температурасының 36 градусқа дейін төмендеуі денеде әртүрлі өзгерістерге әкеледі.

Бірақ оны немен байланыстыруға болады? Оның себебі кейінгі уақытта айтарлықтай жақсарған санитарлық жағдайда жатыр. Адамдар гигиеналық ережелерді сақтай бастады, нәтижесінде инфекциялар аз болды. Адамдар ауырып қалса да, антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттар олардың сауығып кетуіне көмектеседі. Сондықтан аурулар жеңіл өтеді.

Кейбір адамдардың орташа дене температурасы 36,6 градустан төмен \ © autogear

Өздеріңіз білетіндей, созылмалы инфекциялар мен аурулардың барлық түрлері температураның жоғарылауына әкеледі. Яғни, кейбір мамандардың айтуынша, адамдардың денсаулығы жақсарғандықтан дене қызуы төмендемей, керісінше қалыпқа келген. Дегенмен, басқа сарапшылар бұл нұсқаға күмән келтіреді.

© artsakh.news

Дене температурасының төмендеуіне не себеп болады?

Санитарлық жағдайдың сапасының жақсаруы адамдардың орташа дене температурасына әсер ете ме, жоқ па, соны анықтау үшін санитарлық жағдайы нашар халықтар арасында зерттеу жүргізу қажет. Өздеріңіз білетіндей, мұндай халықтар әлі де көп, олардың бірі – Боливияда тұратын чиман үндістері. Олар өркениеттің заманауи артықшылықтарынсыз өмір сүреді, аң, балық аулап күн көреді, сонымен қатар егіншілікпен айналысады. Яғни, біздің ата-бабаларымыз жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бұрын жасағандай өмір салтын ұстанады.

Осы себепті чимандық үндістер ғалымдардың қызығушылығын тудырған. Атап айтқанда, олардың әртүрлі физиологиялық көрсеткіштерін өлшеуге дәрігерлер жиі келеді. Осы зерттеулерге сәйкес, 2000 жылдардың басында үндістердің орташа дене температурасы 37 ° C болды. Бірақ кейінгі 16 жылда бұл көрсеткіш 36,5 °C дейін төмендеді. Айта кету керек, 5500 ересек адамда температура 18 мың рет өлшенген, бұл туралы жұмыс авторлары Scince басылымында хабарлады.

Чиман үндістерінің кейінгі 16 жылда орташа дене температурасы төмендеген \ © m.polit

Адам денесінің қай бөлігі ең ыстық саналады

Дененің ең ыстық бөлігі адам миы екені белгілі болды. Brain мәліметтері бойынша, мидың орташа температурасы 38,5 ° C. Терең қабаттарда оның температурасы одан да жоғары – 40,9 ° C жетеді.

Ғалымдар бас миының ауыр жарақаттарынан кейінгі адамдардың миының температурасын өлшеген. Күні бойы миының температурасы өзгеріп тұратын науқастар әлдеқайда аз өлетіні белгілі болды. Олардың арасында қайтыс болғандар саны небәрі 4 пайызды құраған. Күні бойы ми температурасы тұрақты болған науқастардың арасында өлім саны 27% -ға жеткен.

Неліктен ми температурасының ауытқуы пациенттердің өмір сүруіне әсер етеді деген сұраққа ғалымдар әлі жауап таба алмаған. Температураның және онымен байланысты барлық нәрселердің жақын болашақта шешілетін көптеген құпиялары бар екені анық. Естеріңізге сала кетейік, төмен дене температурасы қатерлі ісік ауруының даму қаупіне әсер етеді.

Т. Раушанұлы