Ішкен суыңыз сіңімді болсын десеңіз мына 6 амалды орындаңыз
Фото: onelifestyle.ru

Ішкен суыңыз сіңімді болсын десеңіз мына 6 амалды орындаңыз

Суды дұрыс іше білген де – өнер. Суды дұрыс ішпесеңіз, ағзаға сіңімді, жұғымды болмасы анық. Ағзаға судың аса қажет екенін, маңызды екенін бәріміз білеміз. Бірақ дұрыс іше білмесек, оны ішкеннен түк пайда жоқ.

Ендеше суды дұрыс ішудің жолдарын қарастырайық.

Көп ішуге болмайды. Адам күніне 2-3 литр су ішу қажет деген медициналық факті бар. Бірақ күнде солай су ішемін деп қатты тыраштанудың қажеті жоқ. Ағза қаласа ғана су ішіңіз. Мәселен, шөлдегенде, ыстықтағанда дегендей. Медиктердің айтуынша, ағзаның қажетінен артық ішілген көп су қандағы минералды заттарды, оның ішінде натрий сынды электролиттерді шайып кетуі мүмкін.

Сондықтан су ішкен жақсы, бірақ артық ішуге тырыспаңыз.

Суды сіміріп ішуге де болмайды. Суды бір ішкенде, сіміріп бір-ақ ішуге болмайды. Аз-аздан, демалып ішкен абзал. Ондайда адамның денесі ісіп кетуі мүмкін. Өйткені натрий жасушаның ішіне бірден еніп, ағзада дефицит пайда болуы мүмкін.

Сусын ішу. Шөлдесеңіз, шөлді қандырудың ең оңай жолы – бұл жай су ішу. Сусын, шай не кофе ішу емес. Шай мен кофе шөлді баспайды, керісінше, тәтті нәрсе қандағы қантты көбейтіп жібереді. Содан қанша су ішсеңіз де, шөліңіз басылмауы мүмкін.

Тамақ жеп отыру су ішу де дұрыс емес көрінеді. Су асқазан қышқылын сұйылтып жібереді де, ас-ауқат дұрыс қорытылмайды. Суды тамақ ішкенге дейін жарты сағат бұрын ішіңіз.

Суық ішуге болмайды. Салқын су ішпеуге тырысыңыз. Оның орнына жылы су ішкен жөн. Суық су өңеш пен асқазанды тітіркендіреді. Ағза содан шок алуы мүмкін. Асқазанның ас қорыту функциясы нашарлап кетеді.

Кранның суын ішпеңіз. Құбырда фтор, пластик пен хлор, басқа да зиянды заттар көп. Олар гормон бөлінісіне, ер адамның ұрпақ қалдыру күшіне кері әсер етуі мүмкін.

Суды дұрыс ішудің 5 амалы

Қ. Слямбек