Жұтынғанда құлағыңыз ауырса...

Жұтынғанда құлағыңыз ауырса...
Фото: www.freepik.com

Тұмаудың белгілері кез келген адамға белгілі. Ал жұтынғанда құлақ ауырса, ол қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін?

Жұтынғанда құлақтың ауыруы мына аурулардың белгісі болуы мүмкін:

1. Жіті отит (құлақтың қабынуы);
2. Эпидемиялық паротит. Бұл жағдайда құлақ түбі бездерінің шошынуы, мойын мен беттің ісінуі және жоғары температура байқалады. Бұл аурумен жиі балалар ауырады;
3. Фарингит (жұтқыншақтың қабынуы);
4. Тонзиллит (бадамша безінің қабынуы);
5. Көмекей мен ауыз қуысының қатерлі ісігі. Бірақ бұл жағдайда ол басқа да белгілермен бірге жүреді: жылдам шаршау, салмақтың азаюы және мойындағы лимфалық түйіндердің ісіп кетуі.

Сондай-ақ, егер мойын тұсында ірің жиналса да, жұтынғанда құлақ ауыруы мүмкін. Ол есту жүйкесінің зақымдалғаны немесе жүйке жүйесі жұмысындағы бұзылыс жайлы белгі беруі мүмкін.

Қандай жағдай болмасын, өздігінше емделуге болмайды. Міндетті түрде отоларингологқа қаралу керек. Себебі тек дәрігер дұрыс диагноз қойып, емдеу әдісін таңдай алады. Қажет болса, ол емделушіні қосымша зерттеуге немесе басқа мамандарға жібереді.

Ол неліктен пайда болады?

Жұтынғанда құлақтың ауыруы жиі орташа жіті отитте пайда болады. Жұқпа (әдетте, гемофильді таяқша немесе пневмококк) тамақтан немесе мұрын қуысынан евстахий түтігі арқылы ортаңғы құлаққа түседі. Шырыштың қайтуы бұзылып, ол ортаңғы құлақ ойығына жиналады. Бұл жерден қабынуға дейін бір қадам.

Егер адамның иммунитеті әлсіз, созылмалы жұтқыншақ ауруы бар, мұрын құрылысында ауытқуы бар, синусит немесе гаймориті бар болса, бұл ауру жоғарыда айтылған жолмен дамиды.

Қалай емделу керек?

Ауырсынуды азайту үшін ауыруды басатын дәрі ішіп, дәрігерге қаралу керек. Дәрігер құлақты қарап, құлаққа арналған тамшылар жазып береді және үйдегі бар құралдармен қалай дұрыс емделуге болатынын түсіндіреді. Отоларинголог құлақта іріңнің жиналғанын немесе жиналмағанын анықтап бере алады. Егер ірің жиналған болса, оған жылы басуға және өздігінше кез келген тамшы тамызуға болмайды.

Алдын алу

Мұндай жағымсыздықтарды болдырмауға шынықтырушы процедуралар, лор-органдары ауруларын уақытында емдеу, ауыз қуысы мен тіс гигиенасын сақтау көмектеседі.

Кей адамдардың суға түскеннен кейін де құлағы ауырады. Бұл жағдайда суға кірерде құлаққа су өткізбейтін арнайы зат салып алған жөн.

Құлақты тіс тазалағыш немесе сіріңке секілді басқа заттармен тазаламаңыз. Тіпті, құлақ тазалайтын таяқшаның өзін абайлап қолданыңыз. Мамандар мақта таяқшаны құлақтың ішіне кіргізбей, онымен тек сыртқы бөлігін тазартуды ұсынады.

А. Жапатова