Өзіңізге қою керек 10 сұрақ

Өзіңізге қою керек 10 сұрақ
Фото: elements.envato.com

Тіпті ең бақытты адамдардың өзі кейде күйзеліске түсіп жатады. Өйткені бар мәселені әрдайым күліп шешу мүмкін емес. Кейде мәселеге тік қарап, оның түбі қайдан бастау алғанына мән беру керек. 

Біз әрдайым жақындарымыздың мазасын алған мәселенің себебін нақты көреміз. Бірақ, өз өміріміз бен сезімдерімізге келгенде оны анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз. 

1. Физикалық жағдайыңыз қалай? Жиі ауырасыз ба? 
2. Психологиялық жағдайыңыз ше? Көңіл-күйіңіз қалай? Эмоциональды жағдайыңызда өзгерістер бар ма??
3. Қаншалықты өзіңізді қуатты адам санайсыз? Әл-қуат деңгейіне баға беріп көріңіз: жоғары, төмен, қалыпты. 
4. Тамақтануыңыз қалай? Қаншалықты жиі тамақтанасы? Қандай тағамдарды тұтынасыз? Тамақтанған соң өзіңізді қалай сезінесіз?
5. Ұйқы режиміңіз қалай? Аз ұйықтайсыз ба? Оянған соң өзіңізді қаншалықты жайлы сезінесіз? 
6. Сізге сырттай сараптама жасайтын болсақ, қандай дағдылар денсаулығыңызға жақсы әсер етеді, ал қай әдеттер жағымсыз әсерін тигізеді? 
7. Денсаулықты жақсарту үшін жағымсыз әдеттермен қалай күресіз? 
8. Сіздің өміріңіздегі мансаптың маңызы қандай? Сіз компанияда әріптестеріңізбен араңыз жақсы болмаса да, тек жақсы жалақы үшін жүруіңіз мүмкін. Оның да денсаулыққа әсері бар.
9. Өзіңіздің санаңызды қаншалықты жиі сілкіп отырасыз? Кітап оқу, подкаст тыңдау немесе сұхбаттар қарау арқылы ма?
10. Нені асыға күтесіз? Мазасыздық пен шыдамсыздық бойыңызда бар ма? Шешілмей жатырған мәселелерді қалай қабылдайсыз?

Бұл сұрақтарға кем дегенде аптасына бір рет жауап беруге тырысыңыз. Жауап беру арқылы денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп жатқан мәселелерді айқындап аласыз. Мәселелер анық байқалған жағдайда, шешімі де көп күттірмейді.

Т. Есқали