Ықылықты тыю жолдары

Ықылықты тыю жолдары
Фото: shine365.marshfieldclinic.org

Күйзеліс, суық тию, тойып тамақ жеу немесе алкоголь ішу іштегі ауаның әдеттегіден ауытқуынан ықылық туғызады. Оны тыю үшін ғылымда да, тұрмыста да неше түрлі амал ойластырылған. Солардың бірнешеуін сіздерге ұсынғалы отырмыз.

Тұрмыстағы әдістер

Тілдің ішкі жағын саусақпен басу
Бұл әдіс әсіресе құса алмай жүргенде қолданылады. Істеуге ыңғайсыз болса да, соңы нәтижелі болады.

Ерекше бірнәрсе жеу
Тіліңізге лимон тілімін қойыңыз, бір шай қасық қант жұтыңыз, тұз жалаңыз. Асқазанға түскен ерекше дәм сөл бөліп, ағзаны ықылықтан алаңдатып тұрады. Бұл әдістің де нәтижесі оң, ғалымдар да мақұлдайды.

Тыныштықта отыру
Ол үшін бас бармақпен екі құлақты бітеп, шынашақпен мұрныңызды қысып тұрыңыз да, бос саусақтарыңызбен көзіңізді жауып тұрыңыз. Терең тыныс алып, ұзақ уақыт дем шығармай күте тұрыңыз. Бұл әдіс те ықылықты тоқтатады.

Ғылыми әдістері

Құлақты жауып тұрып, су ішу
Бұл әдістің оң нәтиже беретінін дәрігерлер 40 жыл бойы дәлеледеп келеді. Стақанға 400 мл салқын су құйып, оған түтікше салыңыз да, үстел үстіне қойыңыз немесе досыңыз ұстай тұрсын. Ештеңе естілмейтін етіп, құлағыңызды саусақтарыңызбен бекітіп тұрыңыз. Содан соң, суды түстікше арқылы жаймен ішіңіз. Ықылық стақандағы су таусылғанша қайтады.

Тіл шығару
Бұл әдістің «авторы» – Уильям Ослер есімді азамат. Бірақ көпшілік бұл әдістің ХІХ ғасырға дейін белгілі болғанын айтады. Ел алдында, көпшілік ортасында мына әдісті жасамаған дұрыс. Сонымен бұл қандай әдіс? Тілді сыртқа мейлінше ұзақ созу. Егер қаласаңыз, тілдің алдыңғы ұшын жаймен ұстап тұрып төменге қарай тартыңыз. Ықылық тисе, Энштейннің бейнесі есіңізде жүрсе болғаны.

Ерекше әдістері

Келісімге келу
Егер жаныңыздағы адам ықылық атып жатса, ортаға ақша не оның өзге қимайтын затын қойып келісіңіз. «Енді ықылық атсаң, маған 500 теңге бересің не сүйікті кітабыңды сыйлайсың» деп көріңіз. Бұл әдіс әсіресе достар мен әріптестер арасында жақсы өтуі мүмкін.

Көне африкалық әдіс
Көне Африкада адам ықылық атса, оның маңдайына бір жағы суға малынған қағазды жабыстырады екен. Бұл әдіс санамен байланысты болуы мүмкін, адамның көңілі маңдайындағы суы тамшылап тұрған қағазға ауып, ықылық туралы ұмытып кетеді деп сенсе керек. Жасап, байқап көріңіз.

Ал сіз ықылықты қалай жеңесіз?

Г. Берік