- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шайдың пайдасын сезіну...
Шайдың пайдасын сезіну үшін дұрыс іше біліңіз
Халқымыз шайқұмар екені рас. Кез келген отырысты шаймен қарсы алып, шаймен шығарып салады. Шай ішу әдетімізге айналды. Оның психологиялық жай-күйді жақсартудан бөлек, денсаулыққа тигізер жақсы пайдасы да бар. Мәселен, шайдың құрамындағы эфир майы, алкалоид, ақуыз бен дәрумендер, дубильді заттар болады.
Ендеше осы пайдасын толық сіңдіріп ішу үшін не істеуіміз кере, соған тоқталайық.
Шайды демдеп ішіңіз
Шайды қайнаған суға салғаннан кейін біршама бұғып, демделіп тұрғаны жөн. Мәселен, қара шайды 10 минуттай бұқтырып қойып, сосын ішсеңіз пайдалырақ болмақ. Осы уақытта шайдың құрамындағы заттар суға еріп, толық шығып үлгермек.
Бірақ демдеу керек екен деп, ұзақ қойып қойған да жөн емес. Ал суып әрі біраз тұрып қалған шайды қайта қайнатып ішу дұрыс емес. Ондай шайдың құрамында зиянды заттар көбейіп кетеді.
Шамалы суытып ішіңіз
Мамандардың айтуынша, қайнаған шайды өте ыстықтай ішуге болмайды. Ыстық шай кеңірдек пен асқазанды күйдіріп, арты қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Мәселен, Тегеран медицина университеті ғалымдарының зерттеуінше, ыстық шай ауыз бен тамақты, өңеш пен асқазанды күйдіріп өтеді де, содан аздаған жарақат пайда болып, жасушаның ДНК құрылымы өзгеріп кетеді екен. Қатерлі ісік содан пайда болады.
Сондықтан шайды 60 градусқа дейін суытып не ысытып барып ішу керек. Яғни, қайнаған шайды 4 минуттай жерге қойып қойыңыз. Сол уақытта суып үлгереді.
Ал Қытай ғалымдарының айтуынша, ыстық шай мен шылым – әлемдегі ең зиянды, ауруша шалдықтырудан «дес бермейтін» қатерлі әдет екен.
Күніне 2-3 кесе жеткілікті
Шайды өз мөлшерінде ішкен абзал. Көп ішпеген де жақсы. Мәселен, Еуропа ғалымдарының айтуынша, адамға күнделікті 2-3 шай ішсе жеткілікті. Осының өзі ұзақ өмір сүруге жетерлік.
«Шайдың түрі көп. Олардың пайдасы да әртүрлі. Шайдың ішінде көк шайдың маңызы ерекше. Пайдалы заттарға бай. Қандағы холестеринді азайтуға, жүрек жұмысын жақсартуға көмегі көбірек», – дейді британ ғалымдары.
Еттен кейін шай ішпеңіз
Мұны қазақ ғалымдары айтып жүр. Ет жеген соң, шай ішуге болмайды дейді. Өйткені шайдың құрамындағы танин атты зат еттің құрамындағы ең пайдалы темір элементін асқазанға түскен кезде «ерітіп жіберетін» көрінеді. Содан еттің түк пайдасы болмай қалады.
Қ. Слямбек«Халқымыз бұрында еттен кейін қымыз ішкен. Ал қымыз – тағамды қорытатын нағыз катализатор. Күрделі тағамды тез ыдыратады. Ал қазір біз шай ішетін болдық. Еттен кейін бірден шай ішуге болмайды. Өйткені шай құрамындағы кофеин мен танин еттің ең пайдалы элементі – темірді ыдыратып жібереді. Шай ішпеу керек деп айтпаймын. Ішу керек. Бірақ ет жеген соң, 40 минут не 1 сағаттан кейін ішкен жөн. Оған дейін тағам сіңіп үлгереді», – деп түсіндіреді тағамтанушы Майгүл Қайнарбаева.