Ғалымдар қатерлі ісіктің 11 түрін дамыту қаупін төмендететін дәруменді атады

Ғалымдар қатерлі ісіктің 11 түрін дамыту қаупін төмендететін дәруменді атады
Фото: Depositphotos / bit245

Қытай ғалымдары С дәруменін қабылдау мен қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерінің дамуы арасындағы байланыс туралы 3562 ғылыми жұмысты зерттеді. Олар С витаминін тұтыну қатерлі ісіктің 11 түрін дамыту қаупін азайтады деген қорытындыға келді.

С дәрумені қуық, жатыр, асқазан, өңеш, өкпе, ұйқы безі, қуық асты безі, бүйрек ісігі, глиоманың даму қаупін айтарлықтай төмендететіні атап өтілген.

Мақала авторлары күніне кемінде 200 мг аскорбин қышқылын тұтынуды ұсынды.

Дегенмен, ғалымдар С витаминінің көзі жемістер мен көкөністер екенін атап өтті. Жемістер мен көкөністердің құрамындағы басқа да пайдалы заттар С дәруменімен бірге ісікке қарсы әсер етеді, деп жазды олар.

С дәруменін барлық жеміс-жидек пен көкөніс құрамынан кездестіруге болады. Бұл дәруменнің ең мықты қайнар көзі – қара қарақат, құлпынай, шабдалы, киви, қызыл бұрыш, өрік, аскөк, ораздық, орамжапырақ, қымыздық жапырағы, долана және цитрустік жемістер.

С дәрумені көптеген аурудың алдын алып, өзіңізді сергек ұстауға көмектеседі. Сондықтан осы дәруменді күн сайын тұтыну қажет.

Т. Раушанұлы