- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мұрын қанауының 12...
Мұрын қанауының 12 себебі
Мұрынның қанауы жиі кездесетін жағдай. Бірақ ол тек жарақат алғаннан қанамайды. Басқа да себептерден мұрын қанауы мүмкін. Егер мұрын жиі немесе көп қанаса, дәрігерге көріну керек. Мұрын қанауының 12 себебін ұсынамыз.
Мұрын қуысы проблемалары
Аллергиктерде мұрыннан қан кету сирек кездесетін жағдай емес. Аллергия белгілерінің бірі — шырышты қабықтың құрғауы. Соның себебінен мұрын қуысы тітіркеніп, қан кетеді. Сондай-ақ аллергия кезінде жиі қолданылатын мұрын тамшылары құрғақтыққа әкеледі. Жиі сіңбіруден және шырыштың көп болуынан да мұрын қуысынан қан кетуі мүмкін.
Жоғары қан қысымы
Қан қысымы қатты жоғары болған кезде қандағы эритроциттер дұрыс жұмыс істемейді. Ал созылмалы гипертония кезінде маңызды органдарға және бұлшықет тіндеріне қанның құйылуы нашарлай түседі. Қан тамырлардың қабырғалары әлсірейді, ал ол қан кетуге әкеледі.
Тітіркендіруші заттарды иіскеу
Сізде аллергия болмаса да, түрлі тітіркендіргіштерге реакция ретінде мұрныңыз қанауы мүмкін. Мысалы: ыстық бу, сілтілер, ағартқыш немесе хлор. Мұндай заттардың буын жұтқанда олар мұрынның құрғауына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, мұрыннан қан ағады. Кейде дәмдеуіштер немесе басқа да күшті иістер көп жерге жақын отсаңыз да, осындай салдар болуы мүмкін.
Созылмалы ауру
Қан ұйығыштығын бұзатын аурулар жиі мұрын қанауының себебі болады. Оларға бүйрек патологиясы, бауыр аурулары және ішімдікке салыну жатады. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде де мұрыннан жиі қан кетуі мүмкін: ол бас ауруымен, демікпе және мазасыздықпен бірге жүреді.
Мұрынға басқа заттың кіріп кетуі
Егер мұрынға бірдеңе кіріп кетсе, ол мұрын қанауының себебі бола алады. Бұл жағдай көбіне кішкентай балаларда кездеседі. Бұл жерде мұрынға кіріп кеткен заттың өлшемі маңызды емес. Тіпті, кішкентай деталь немесе ластықтың өзі мұрын қуысындағы қан тамырларды зақымдай алады.
Қанды сұйылтатын дәрілер
Қанды сұйылтатын дәрлер мұрынды қанатып, жағдайды қиындатуы мүмкін. Мұндай дәрілерге қан ұйығы түзілуінің алдын алатын антикоагулянттар, ми қанайналымының бұзылуы кезінде ішетін антиагреганттар жатады. Сондай-ақ кей адамдардың аспирин ішкенде мұрны қанайды.
Мұрын арақабырғасының қисаюы
Мұрын арақабырғасы өзгеріске ұшыраса, тыныс алу жүйесінің көптеген функциялары бұзылады. Мұрынның шырышты қабығы шығыңқы келетін жері жұқаруы мүмкін. Ол тітіркендіргіштерге әдеттегіден сезімтал бола түседі де, оған кішкентай әсердің өзі қанның ағуына ықпал етеді.
Құрғақ ауа
Құрғақ климат немесе біз ұзақ отырған бөлмедегі ыстық ауа мұрыннан қан кетуге әкелуі мүмкін. Олар мұрын шырыштысын тітіркендіреді. Онда қышитын қабықшалар пайда болады, ал механикалық әсерден ол қанайды.
Рандю-Вебера-Ослера синдромы
Бұл патологиясы бар адамдарда бүкіл денесінде, сондай-ақ мұрын қабығындағы ұсақ қан тамырлар кеңейіп кетеді. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Бұл синдром кезінде мұрынның шырышты қабығының аздап зақымдалуы қан кетуге себеп болады.
Дене температурасының бірден көтерілуі
Мұрыннан қан ағу — күн тию белгілерінің бірі. Сондай-ақ ол тұмаудың себебінен дене температурасының көтерілуі кезінде де қанайды.
Гормонды фонның өзгеруі
Ағзадағы гормондар деңгейі өзгерсе, мұрыннан қан кетуі мүмкін. Бұл жағдайға көбіне жүкті әйелдер жолығады. Сондай-ақ ол етеккір үзілісі және жасөсіпірмдерде жыныстық жетілу кезінде орын алуы мүмкін.
К, С дәрумендерінің және кальцийдің жетіспеуі
Ағзаға дәрумендер жетіспеген кезде мұрыннан жиі қан кетуі мүмкін. Бұл біздің қан тамырларға К және С дәрумендерінің, кальцийдің тікелей әсерімен байланысты. Егер микроэлементтер жетіспесе, қан тамырлар жіңішке әрі сынғыш бола түседі де, кішкентай әсердің өзінен қанайды.