"Жел жіберуді" тежеуге болмайды – дәрігер

"Жел жіберуді" тежеуге болмайды – дәрігер
Фото: unsplash.com

"Жел жіберу" адам үшін қалыпты нәрсе. Осыру – кез келген адамға тән нәрсе. Одан ұялудың, қысылу қажеті жоқ. Ал оны тежеу, шығармау – ағза жұмысына зиян. Сондай-ақ, сасық осырық адам денсаулығының нашарлығын білдіреді. Осылай дейді АҚШ маманы, дәрігер Энтони Юн (Anthony Youn).

Маманның айтуынша, адам күніне 14 рет "осырады" екен. Егер біреу ешқашан осырмаймын десе, бұл – өтірік.

"Немесе шынымен де осырмауы мүмкін. Бірақ бұл – ішек жұмысының "қателігінен". Ішек дұрыс жұмыс істемесе, "газ шығару" болмайды. Ал бұл қатерлі жағдай. Сондықтан дер кезінде медициналық көмек алу керек", - дейді Энтони Юн.

Оның айтуынша, осыру адамға тән болғандықтан, оны "ұстап тұруға", "шығармай қоюға" болмайды. Бұл – ағзаға өте зиян.

"Сыртқа шықпаған "жел" ішектің бойымен қанға кетіп қалуы мүмкін. Адам денесінен сасық иіс шығудың себебі де осыдан. NHS денсаулық сақтау қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ер адам күніне орта есеппен 5-15 рет осырады екен", - дейді ол.

Кейбір адамдардың осырығы сасық келетіні белгілі. Бұл да дұрыс емес көрінеді.

"Жиі осыру мен "желдің ащы" шығуы жақсы емес. Бұл – ішек жұмысының нашарлығынан. Демек, ішек кейбір тағамдарды дұрыс сіңдіре алмай жатыр деген сөз. Мұның артында целиакия, лактозаны қорыта алмау, ішек жұмысының бұзылуы сынды аурулардың белгісі болуы мүмкін", - дейді маман.

 

Қ. Слямбек