Ирлан ғалымдары: Ұмытшақтық адамға пайдалы

Ирлан ғалымдары: Ұмытшақтық адамға пайдалы
Фото: udipedia-live.ru

"Ұмытшақтық – мидың қалыпты қызметі. Одан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, пайдалы тұстары көп" дейді ирлан ғалымдары. Бұл жайлы Дублин қаласындағы Тринити колледждің ресми сайты жазды. 

Биологтардың айтуынша, ми жаңа ақпараттарды сақтау үшін өз-өзін жаңартып, ескі ақпараттарды жадтан өшіріп отырады. Бұл – мидың табиғи қызметі. Ми өзіне қажет емес ақпараттарды жою (ұмыту) арқылы барынша ұтымды шешім қабылдап, тығырықтан шығуға ұмтылады.

"Адамның миы жаман, ескі және қажет емес ақпаратты ұмытуға бейім. Кейде өзіне ыңғайсыз жайттар мен естеліктерді ұмыту арқылы көңіл-күйін тыныштандырады. Әдетте, ми жаңа ақпаратты есте сақтау үшін ескі ақпаратты өшіреді. Бұл – мидың үйрену, меңгеру қызметінің бір бөлігі", - деп түсіндіреді зерттеу жұмысының авторы Томас Райан (Tomas Ryan).

Зерттеушілердің айтуынша, ұмытшақтық – бүкіл адамға тән нәрсе. Көбінесе, қоршаған ортамен тұрақты байланыс ұстау үшін ми ұмыту процесін іске қосады. Бірақ ол нормадан ауытқымауы шарт. Ауытқыған жағдайда бұл белгілі бір аурудың не қартаюдың белгісі болуы мүмкін.

Қ. Слямбек