Иммунолог сирек кездесетін COVID-19 симптомын атады

Иммунолог сирек кездесетін COVID-19 симптомын атады

Медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков науқастарда сирек кездесетін коронавирус симптомын атады. Оның айтуынша, COVID-19 жұқтырған адамда конъюнктивит (көздің қарығуы) дамуы мүмкін. Бұл туралы Lenta жазды.

Тағы бір дәрігер, иммунолог-аллерголог Владимир Болибок кейбір адамдарда коронавирус жұқтырған кезде көз ауруына бейім болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл симптом Ухань штаммынан туындаған COVID-19 бірінші толқыны кезінде пайда болған.

"Симптом сирек кездеседі, тек конъюнктивитке бейімі бар науқастардың аз ғана бөлігінде", - деді дәрігер.

Ол коронавирус кезінде пайда болған конъюнктивитті кәдімгі қабынуға қарсы препараттармен емдеуге болатынын айтты.

Бұған дейін дәрігер тырнақтарда байқалатын COVID-19 белгілерін атаған болатын.

Олардың айтуынша, коронавирус адам ағзасына ауыр инфекциялардың бірі, сондықтан оның белгілері мен тигізген зақымы сыртқа да білініп тұрады. Әрі дәрігерлер іштегі ауруды сыртқы, терідегі белгілерге қарап анықтайтыны тағы бар. Сондай белгілерінің бірі – тырнақ.

Ауырған, кейін жазылып шыққан адамның тырнағында көлденең сызықтар болуы мүмкін. Ондай сызық көзге оңай көрінеді. Кейбірі шұқырлау боп келеді. Оның орнына жарты ай іспеттес қызық дақ пайда болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, тырнақтың ұшы тоқсарылау болса, түбі түсіп қалса да – коронавирустың белгісі.

Адам ковидпен ауырған кезде, тырнақтың өсуі де баяулап, жоғарыда айтылған белгілер содан пайда болады екен.