Нәскимен ұйықтаудың пайдасы

Нәскимен ұйықтаудың пайдасы
Фото: furnishhome.ru

Нәски киіп ұйықтау денсаулыққа пайдалы. Әсіресе, ұйқыда жатқан адамның қан айналымын жақсартып, ағзаның қалыпқа келуіне оңтайлы әсер етеді. Мұны британ дәрігерлері айтады.

Мәселен, Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мүшесі, ағылшын дәрігері Каран Радждың айтуынша, нәски киіп ұйықтаған адам табандағы қан тамырлары кеңейіп, ағзасында қан айналымы жақсы жүреді. Содан дене температурасы жылынып, ұйқының сапалы болуына әсер етеді.

Тағы бір қызығы – қан тамыры кеңейген кезде, ағзаның ішкі температурасы түсетін көрінеді.

"Ал адам жақсы ұйықтауы үшін ағзаның ішкі температурасы қалыпты деңгейге түсіп, артық ыстықты шығарып тастауы тиіс", - деп түсіндіреді Каран Радж.

Ал жақсы ұйықтаған адамның ағзасы жақсы жұмыс істейтіні белгілі. Жасушалар жаңарып, ми жұмысының жақсаруына әкеледі. Иммунитеті күшейеді. Жақсы ұйқы қарттықтың алдын алады.

Дәрігердің айтуынша, нәски не шұлықтың барынша үлкендеу болғаны жөн. Аяқты қысып тұрмағаны абзал. Тар нәски қан айналымын керісінше қиындатып жібереді.

Қ. Слямбек