Жапон ғалымдары: Құрма коронавирус жұқтырмайды

Жапон ғалымдары: Құрма коронавирус жұқтырмайды

Бүкіл әлем коронавируспен әлі күресіп жатыр. Коронавирустың да мутациясы тоқтамай тұр. Қайта-қайта жаңа штамдары шығып, мамандардың ем іздеудегі жұмысы күрделеніп кетті.

Жақында жапон ғалымдары коронавирустан арылудың, оны жұқтырмаудың тағы бір табиғи жолын тапқаны белгілі болды. Кашихара қаласындағы Нара медициналық университетінің мамандары коронавирус инфекциясының таралуына байланысты арнайы эксперименталды зерттеу жүргізіп, біршама тосын жаңалыққа қол жеткізді.

Мамандардың айтуынша, құрма адамды коронавирустан қорғайтын, инфекцияны жұқтырмауға қарсы тұрарлық емі бар екен. Құрма жемісінің құрамындағы танин коронавирустың ағзада таралуына, қатты зардап шегуі мен өкпе пневмониясына шабуына кедергі келтіретін көрінеді.

Ғалымдар зерттеу нәтижесін Scientific Reports журналында жариялады.

Зерттеушілер құрмадан танин затын бөліп алып, эксперимент жүргізіп, алақоржындардың аузысына салған. Танин жеген тышқан тұқымдастар коронавирустың ауыр зардабынан оңай құтылған. Ал жемегендер үш күннен кейін өкпе пневониясына ұшыраған екен.

Құрма Азия елдерінде көп тараған. Көптеген халықтар бұл жемісті қасиет тұтытып, жұмақтың жемісі деп қадірлейді. Оның себебі де бар. Өйткені құрманың құрамында адам ағзасына қажет пайдалы элементтер көп. Әсіресе, A, C, B1, B2 және B3 дәрумендері, фосфор, кальций, темір, натрийдің мол қоры бар.

Құрманың құрамындағы калий мен магний жүрек ауруы мен қатерлі ісіктен сақтануға көмектеседі.

Қ. Слямбек