Pfizer салдырған жүкті әйелдерде қандай жанама әсер болуы мүмкін?

Pfizer салдырған жүкті әйелдерде қандай жанама әсер болуы мүмкін?

Алматы қалалық №15 емхананың педиатр-дәрігері Мөлдір Әкімжан жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын салдырғаннан кейін қандай жанама әсерлер болуы мүмкін екенін айтты. 

Дәрігердің сөзінше, 70-80 пайыз жағдайда жүкті әйелдерде ешқандай жанама әсер болмайды. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жүкті және бала емізетін әйелдерде Pfizer вакцинасын салдырғаннан кейін жанама әсерлер болмады. Вакцинациядан кейін жоспарланған реакциялар болған. Яғни екпе салдырған жердің ауырсынуы, қышыну сияқты аллергиялық реакция. Ауыр жанама әсерлер болмады", - дейді Мөлдір Әкімжан ӨКҚ брифингінде. 
 

Еске салайық, 10 қарашада Алматы әуежайына Qatar Airways әуекомпаниясының Pfizer вакцинасы бар борты қонған болатын. Жалпы 379 мың доза келді. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған.

Т. Раушанұлы