- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қазақстандықтарды ревакцинациялау 22...
Қазақстандықтарды ревакцинациялау 22 қарашада басталады – Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрын коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтарды қайта вакцинациялау 22 қарашада басталатынын айтты.
"Қайта вакцинациялау 22 қарашада екі кезеңмен басталады. Қауіп тобындағы адамдардың бірінші кезекте екпе алуын қамтамасыз ету үшін осы жылдың аяғына дейін алғашқы екпенің мерзімін ескере отырып, халықтың осал топтары – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері екпе алады”, - деді Цой үкімет отырысында.
Ол 60 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге тест нәтижесі теріс болған адамдарға белгіленген мерзімдер ескерілмей қайта вакцинациялауға жіберілетінін түсіндірді.
Премьер-Министр Асқар Мамин екпе орталықтарының, медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы да айтты.
Т. Раушанұлы"Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 4 миллион 230 доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 миллион 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12 мен 17 жас аралығындағы балалар, жүктілігі 16-37 апталық кезеңдегі әйелдер вакцинацияланады. Жүктілік және бала емізетін әйелдер босанғаннан соң 42 күннен кейін алады. Comirnaty Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 облысына 34 дана тоңазытқыш, сонымен қатар, қосымша 51 тоңазытқыш қондырғы сатып алынды. Олар барлық аймақтарға қараша айының соңына дейін жеткізу жоспарланып жатыр”, - деді Алексей Цой.