Шемішке мен жаңғақ жеген адамның өмірі ұзарады

Шемішке мен жаңғақ жеген адамның өмірі ұзарады

Шемішке мен жаңғақ түрін күнделікті жеп жүрген адамның өмірі, шамамен, 10 пайызға ұзарады. Осылай дейді иран зерттеушілері.

Парсы ғалымдары 30 жылдың метализ зерттеулерін жинап, диета мен ерте өлім арасында байланысты табуға тырысқан. Зерттеушілер әсіресе альфа-линол қышқылының бір түрі Омега-3 май қышқылының адам ағзасына тигізер әсеріне мән берген екен. Бұл қышқыл соя бұршағы мен шемішке дәнінде көп болады.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш азықты күнделікті тұтынған (күніне 1,6 грам) адамдардың тұтынбағандарға қарағанда ұзағырақ өмір сүргені (шамамен, 10 пайызы) белгілі болған. Одан бөлек, қаныққан қышқылды азық-түлік тұтынғандарда жүрек аурулары аз кездесетін анықталды.

Ғалымдардың айтуынша, күніне 1 грамм альфа-линол қышқылын ішкен адамның өмірі 5 пайызға ұзарады. 1 грамм қышқыл дегеніміз – өсімдік майының бір ас қасық мөлшері.

Бірақ метаанализдің көрсетуінше, бұл қышқылды көп ішуге де болмайды. Ондай жағдайда қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Сондықтан соңғы тұжырымды ғалымдар әлі зерттеп жатыр.