Екпе салдырғандар қандай жағдайда "жасыл" мәртебесінен айырылады?

Екпе салдырғандар қандай жағдайда "жасыл" мәртебесінен айырылады?

Қазақстанның бас санитары Ерлан Қиясовтың қаулысында вакцина алған азамат Ashyq қосымшасында қандай жағдайда "жасыл" мәртебесінен айырылуы мүмкін екені айтылған.

24 қыркүйектегі бұйрық бүгін, 27 қыркүйекте күшіне енді.

Ондай азаматтарға "жасыл" мәртебесі коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін беріледі делінген. Бұл мәртебе вакцина алғандарда 21 күн бойы сақталады. Егер осы уақыттан кейін адам екінші компонентті алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде "көк" болады.

COVID-19-ға қарсы екпенің екі компенентін алған адамда «жасыл» мәртебе бір жыл сақталады.

Ашықтағы "жасыл" мәртебені үш ай ішінде коронавирус жұқтырғандар, екпеге қарсы көрсетілімі бар азаматтар, жүкті әйелдер, ПТР талдауынан бір апта ішінде өткендер алады.

Еске сала кетейік,  COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 27 қыркүйектен бастап елімізде салтанатты, мерекелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары мен мерейтойларды өткізуге рұқсат етілді.

Т. Раушанұлы