Йод жетіспеуінің белгілері және күнделікті қажет мөлшері

Йод жетіспеуінің белгілері және күнделікті қажет мөлшері
Фото: medobr.com

Бүгінгі таңда  аурудың алдын алу – басты мақсат. Ал йод тапшылығына байланысты аурулар тағам құрамында йодтың жетіспеуінен туындайды. Йодты қалыпты тұтыну арқылы оның алдын алуға болады.

Йод жетіспеуінің белгілері:

- Бұлшықет әлсіздігі қатар жүретін созылмалы шаршау;

- Ісіну;

- Етеккірдің бұзылуы;

- Жиі суық тию, зең және бактериялық инфекциялар;

- Құлақтағы шу, бас айналу қатар жүретін теміртапшылықты анемия;

- Артық салмақ;

- Ақыл-ой дамуының тежелуі (Балалар мен жасөспірімдерде)

 Йодтың күнделікті қажет мөлшері:

- Балаларға (1 жастан 12 жасқа дейін) – 90-120 мкг;

- Ересектерге – 150 мкг;

- Жүкті және бала емізетін аналарға – 250 мкг;

 Йод қандай тағамдарда көп болады?

- Теңіз өнімдері;

- Жемістер мен көкөністер;

- Йодталған тұз;

- Сүт өнімдері;

- Жарма.

Н. Үсенова