- Негізгі бет
- Денсаулық
- Йод жетіспеуінің белгілері...
Йод жетіспеуінің белгілері және күнделікті қажет мөлшері
Бүгінгі таңда аурудың алдын алу – басты мақсат. Ал йод тапшылығына байланысты аурулар тағам құрамында йодтың жетіспеуінен туындайды. Йодты қалыпты тұтыну арқылы оның алдын алуға болады.
• Йод жетіспеуінің белгілері:
- Бұлшықет әлсіздігі қатар жүретін созылмалы шаршау;
- Ісіну;
- Етеккірдің бұзылуы;
- Жиі суық тию, зең және бактериялық инфекциялар;
- Құлақтағы шу, бас айналу қатар жүретін теміртапшылықты анемия;
- Артық салмақ;
- Ақыл-ой дамуының тежелуі (Балалар мен жасөспірімдерде)
• Йодтың күнделікті қажет мөлшері:
- Балаларға (1 жастан 12 жасқа дейін) – 90-120 мкг;
- Ересектерге – 150 мкг;
- Жүкті және бала емізетін аналарға – 250 мкг;
• Йод қандай тағамдарда көп болады?
- Теңіз өнімдері;
- Жемістер мен көкөністер;
- Йодталған тұз;
- Сүт өнімдері;
- Жарма.
Н. Үсенова