Иммунитетті төмендететін 8 әдет

Иммунитетті төмендететін 8 әдет
Фото: lifehacker.ru

Вируc көбіне иммунитеті әлcіз адамдарға қaуіпті. Сондықтан жұқпалы аурулардан ағзамызды қорғайтын – иммунитет. 

Иммиунитеттің әлсіреуіне ең алдымен әсер ететін біздің зиян әдеттеріміз екен. Назарларыңызға ағзадағы иммунитетті төмендететін 8 зиянды әдетті ұсынамыз.

1. Ұйқының қанбауы

Ұйқы кезінде иммун жүйесінің бактериялар мен вирустарға қарсы күресті қалыптастыруға жауапты бөлігі іске қосылады. Егер жеткілікті ұйықтамасаңыз, иммун жүйесі тиімді жұмыс істемейді. Сондықтан күніне 7-8 сағаттан аз ұйықтамау керек.

2. Қозғалыстың аздығы

Физикалық белсенділіктің болмауы иммунитетті нашарлатады. Көп қимылдамайтын адамдар физикалық белсенді адамдарға қарағанда тыныс алу мүшелерінің ауруынан орта есеппен 42 пайызға көп зардап шегеді. Күндізгі жаттығуларға кем дегенде жарты сағат уақыт бөліңіз.

3. Жалғыздық

Көп уақыт жалғыз жүрген адамның норадреналин гормонының деңгейі жоғарылайды. Төтенше жағдайларда бұл гормон жараларды емдеуге көмектесетін ақ қан жасушаларының пайда болуына жауап береді. Алайда егер норэпинефрин деңгейі ұзақ уақыт бойы әдеттегіден жоғары болса, ол иммун жүйесінің бір бөлігін жауып, жұқпалы ауруларға бейімділікті арттыра бастайды.

4. Күйзелістен шыға алмау

Ұзақ уақыт бір нәрсеге алаңдаған адамның иммун жүйесі нашарлай бастайды. Мысалы күйзеліске ұшыраған адамдар басқаларға қаранда тұмауға көбірек шалдығады.

5. Ішімдік

Алкогольді үнемі пайдалану ақ қан жасушаларының вирус, инфекциямен күресу тиімділігін төмендетеді.

6. Қаныққан майлар

Қаныққан майларды үнемі тұтыну иммун жүйесінің жұмысын көбейтеді және қабыну қаупін арттырады. Зиянды майларды пайдалы маймен ауыстырыңыз. Мысалы сиыр етінің орнына балық жеу керек.

7. Туыс иммунитеттің төмендеуі

Адамдар біраз уақыт бірге өмір сүргенде олардың иммун жүйесі бір-біріне ұқсай бастайды. Бұл ішінара әдеттердің бірдей болуына байланысты. Егер сіздің жақындарыңыздың иммунитеті төмен болса, онда сіз өзіңізге де көңіл бөліңіз. Мүмкін сізге әдеттегі өмір салтыңызды өзгерту керек шығар.

8. Антибиотиктер

Антибиотик ішкенде өте сақ болу керек. Олар сіздің иммун жүйеңіз бен бактериялар арасындағы байланысты бұзады. Әдетте антибиотиктер ауруды тезірек жеңуге көмектеседі, бірақ сауыққаннан кейін сіздің иммун жүйеңіз бұрынғыға қарағанда әлсіреп, жұқпалы ауруды жұқтыруға көбірек бейім болады.

Т. Раушанұлы